"Абай жолын" оқымаған қазақ жоқ" дейтін жаттанды, үстірт һәм асығыс пікір эмоцияның жетегінде көп айтылады. Шын мәнінде "Абай жолын" оқымағандар журналист, әдебиет пәнінің оқытушысы, редактор, Бас редактор болып отырғандар өте көп. Тіпті, қазіргі рухани кеңестігімізде біраз жерде "қол қойып" отырғандардың ішінде "Абай жолын" кім жазғанын білмейтіндер жоқ десе, өз басым шүбәланбаймын. Сондықтан көп жерде "Абай жолын" оқығандарың бар ма деп сұрау керек шығар. (Оразбек Сапарханның фейсбуктегі парақшасынан)
Пікір қалдыру