Павлодар облысында бұрын істі болған зейнеткер ірі көлемдегі героин сақтағаны үшін тұтқындалды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды.
Павлодар облыстық ІІД қызметкерлері жүргізген тінту барысында, ұсталған зейнеткер үйінің ас бөлмесінен целлофанды қапшыққа оралған түйіншек табылған. Ал Терри есімді иіс кезуші иттің көмегімен көлікжайдан екі қапқа оралған ұнтақ тектес белгісіз зат тәркіленген.
Арнай жасалған сараптама қорытындысы- күдіктінің қоймасынан табылған ұнтақтың "Героин" екенін көрсеткен. Павлодар облыстық ІІД қызметкерлері күдіктінің үйінен және көлікжайынан салмағы 2 киллограм герион тәркілеген.
Қазіргі уақытта зейнеткерге қатысты "наркотикалық затты сақтады" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
Пікір қалдыру