Майкл Джордан Forbes тізіміндегі алғашқы миллиардер спортшы атанды

/uploads/thumbnail/20170708171226080_small.jpg

Баскетбол жұлдызы Майкл Джордан өзінің алғашқы миллиард долларын Nike компаниясымен жасасқан келісімшарттан түскен табыстан алды.

Афроамерикалық спортшының қаржылық ахуалында шешуші роль атқарған компания бастапқыда Air Jordans кроссовкасын шығарды.

Сол кездегі спорттың коммерциялануы, телетрансляциялар санының артуы, сәтті маркетингтік шешімдер мен Джорданның жұлдызды мәртебесі оған арнап, Jordan Brand сауда белгісінің ашылуына әкелді.

2013 жылы Jordan Brand спорттық киімінің саудасынан 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын табыс түсті. Қазір оның атымен шығарылатын баскетбол кроссовкалары АҚШ нарығының 84 пайызын қамтамасыз етеді.

Ал 2010 жылы Джордан 275 млн долларға сатып алған Charlotte Bobcats баскетбол клубының 80 пайыздық үлесі қазір 725 млн АҚШ долларына дейін қымбаттаған.

Қатысты Мақалалар