Алматыдағы көк базардың орнына өзге сауда орталығы салынады

/uploads/thumbnail/20170708171233324_small.jpg

Алматы қаласында көк базардың орнына жаңа сауда орталығын салу жоспарлануда. Алдымен сүру жұмыстары Мақатаев көшесінде орналасқан территориядан басталады.

Бұл туралы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жанат Айтілеу мәлімдеді. "

Көк базар нарық шарттары кезінде жеке жоба байынша салынған. Сол уақытта базар иелері павилиондар мен шатырларды тұрғызған. Олардан қазір құтылу қажет. Себебі, біз оларға да архитектуралық акт жасадық. Соған сәйкес, Мақатаев көшесі жақтан көк базардың алдында келушілердің көліктеріне арналып көп ярусты паркинг салынады. Жобаға сәйкес базар территориясында орналасқан сауда орталықты жетілдіре түсу қажет. Сонымен қатар, Мақатаев пен Жібек Жолы көшелеріне дейінгі территорияны сүріп тастау керек. Осыған дейін бұл жер төтенше жағдай орын алған жағдайда арнайы техникалардың жүруіне арналған жол болатын", - деді Айтілеу.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Барахолка" базары да сүріліп, орнына сауда үйі мен қонақ үйлер салынғалы жатыр.

Алматы ТВ

Қатысты Мақалалар