Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарабы жолдаған нотаға жауап берді.
Қырғызстандықтар Алматы әуежайында Қазақстан қауіпсіздік органдары тарапынан болған тексеріске наразылық білдіріп, Қырғызстан Сыртқы істер министрлігіне шағым түсірген еді. Ал Қырғызстан СІМ Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жағдайды түсіндіруді талап етіп, нота жолдаған.
Қырғыз тарапына жауап берген Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл тексерістің жоспарлы болғанын, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тексеру және өткізу пунктерінде заң бойынша «қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін» айтты . Жауапқа сәйкес, барлық шетел азаматы бірдей тексеріледі. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты.
Пікір қалдыру