Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Шығыс мәдениеті фестивалі өтті

/uploads/thumbnail/20170708171254737_small.jpg

Алматы. 5 Наурыз. Qamshy.kz – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Шығыс мәдениеті фестивалі салтанатты түрде өтті.

Фестивальдің мақсаты– қоғам мүшелеріне әлем өркениетінің ошағы саналатын таңғажайып Шығыс мәдениетін таныстыру және қоғамның ұлтаралық һәм мәдениетаралық қарым-қатынас процесіне белсенді үлес қосу.

2014 жылы 16 мамырда тұсауы кесілген Шығыс Мұражайы –шығыс халықтарының рухани және материалдық мәдениетінен жан-жақты хабардар ететін жәдігерлер жинақталған жер. Қазіргі таңда Мұражайда антикаварлық бұйымдар, шығыс халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, әшекейлері, шығыс халықтарының күнделікті тұрмысынан хабар беретін бұйымдар және сирек кездесетін құнды кітаптар қойылған. Шығыс мәдениеті фестивалі барысында шығыс халықтарының бай рухани және материалдық мәдениетін көрсететін әндер мен билер, ұлттық киімдер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Шығыс мәдениеті фестивалі аясында шығыс халықтарының шай ішу дәстүрі көрсетілді. Фестиваль барысында келген барша қонақтарға, қытай, корей, жапон, үнді, түрік, араб, иран халықтарының дәстүрлі тағамдарынан дәм татқызылды. Одан басқа, сол тағамдардың дайындалуы хақында құнды ақпарат берілді.

Шығыс халықтары ұлттық киімдері көрмесінде шығыстық істилде қолдан тігілген киімдердің тұсауы кесілді. Фестиваль аясында көрсетілеген киімдер әлемдегі өте сирек те құнды туынды десе болады. Фестивальдің құрметті қонақтары ҚХР-ның Алматы қаласында тұратын бас консульы Джаң Уй және оның мәдениет істері жөніндегі орынбасары Гау Чын, сонымен бірге Мысыр елінің Алматы қаласында тұратын бас консульы және Алматы қаласындағы ҚХР мұнай серіктестігінің басшысы Фий Жиян Шиң мырза және «Клон» серіктестігінің басшысы Дауыл Хасен мырзалар тапжылмай тамашалады, Факультет деканы Жубатова Б.Н ханым және кафедра меңгерушілері Нәбижан Мұқаметханұлы, Салқынбаев Мұхит, Сапашов Ораз, Ем Наталья қатарлы басшылар мен оқытушылыр құрамы және студенттер қатысты.

Қытайтану кафедрасы аға оқытушысы Абдурақын Нұрхалық

Қатысты Мақалалар