Қазақстандық "крутой" номерлер қанша тұрады?

/uploads/thumbnail/20170708171306450_small.jpg

Бүгінде қазақстандық  жеңіл авто көлік түтынушылары арасында "мемлекеттік нөмірлерді"  жаппай сатып алу науқаны басталған.

Ал ресми дерек көздерінде ондай нөмерлердің құны стандартты нөмерлермен салыстырғанда ҚР заңында көрсетілген "жол жүру ережесіндегі" регламенттен  10 есе  қымбатқа бағаланады.

Жеңіл авто көліктерге арналған "біріңғай сандық реттегі" 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлер МРП мөлшеріне сай - 13 700 АҚШ долларына бағаланады. Ал 2015 жылға бекітілген регламентте 1 МРП - 1982 теңгеге жеткен. Яғни, 13 700 % теңге бағамына шаққанда - 271 534 теңге.  Сондай-ақ, "ерекеш сандық реттегі" 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлердің бағасы - 22 800 % құрайды. Бұл теңгемен есептегенде 451 896 теңгенің төңірегінде болады.

1412830827_beautiful-number-cars

Сонымен қатар, ұйқас әріптік және сандық реттегі мысалы, 101, 696 немесе ZZZ, KAZ я болмаса HAN секілді нөмірлердің де бағасы аспандап тұр. Ал шенеуніктер болса,  мемлекеттік лицензиясы бар осындай сирек кездесетін нөмірлер жеке сатылымда жоқ деуден танбауда. Тиісті органдағылар өз кезегінде "нөмірлер жалпыға бірдей беріледі және кімге қандай нөмір тиесілі болады оны - компютер анықтайды"  дейді.

Десе де, "Казнеттің" бетінде аталмыш сериялы нөмерлерді жеке сатылымға ұсынатын хабарландырулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.  Ол жерде сериялы нөмірлердің ең төменгі бағасы 3000 доллар болса, теңгеге шаққанда 560 мың көлемінде болады. Ал ZZZ, PPP, NNN секілді нөмірлер сәл қымбатырақ екен. Жоғарыдағы көрсетілген сериялы нөмірлердің құны - 1 миллионның ар жақ - бер жағында.

Қатысты Мақалалар