Дариға Назарбаева Президент болуы мүмкін бе?

/uploads/thumbnail/20170708171309396_small.jpg

"Сайлау туралы бастамаға да негізінен еліміздегі әйелдер қауымы қолдау білдірді". Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесуі барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысуға күмәнмен қарап отыр деп жазады "ҚазАқпарат" "Қазір сайлау науқаны басталып та кетті. Кезектен тыс президенттік сайлау туралы бастаманы да негізінен әйелдер қауымы қолдады. Мен күн сайын мыңдаған хаттар алып жатырмын. Бүгінгі ертеңгісін үстелімде бір құшақ хаттар келді. Олардың барлығы сайлауды қолдап, менен өз кандидатурамды ұсынуды сұрап жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Менің жеке жоспарым мүлдем басқа болатын, шынымды айтайын. Қазақстанды жылдар бойы басқарып келемін, Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан мемлекетті қалыптастырып, құрдық. Бәлкім, театрда айтатындай, декорацияны өзгертетін де кез жеткен шығар. Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю биліктен кеткенде мен одан неге кеттіңіз деп сұрағанмын. Ол соңғы уақытта теледидардан өзін көру ұнамай кеткенін айтқан еді. Менде де басқа жоспарлар болған", - деді Елбасы.

Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысуға күмәнмен қарап отыр

Алайда Президент бүкілхалықтық тілектер, елдің ниеті, жұрттың қалауы бар, оны да ескеру қажет. Сондықтан да алдағы жоспарымды, қадамымды ақылдасуға да болады деп ойлаймын деп түйіндеді.

Елбасының осы сөздерінен кейін Дариға Назарбаеваның кезектен тыс президент сайлауына қатысуы мүмкін бе деген ой келді. Елбасы осы сайлауға Қазақстандағы әйелдер қауымының айрықша атсалысып отырғанын тегін айтпаса керек. Ал Дариға Нұрсұлтанқызы осыған дейін саясат сахнасында біраз қадамдар жасағаны жұртқа аян. 1992 жылы "Бөбек" қорының вице-президенті болған ол, 1994 жылдан бастап "Хабар" агенттігін басқарады. 2003 жылдың қазанында "Асар" партиясын құрып, 2006 жылға дейін партия төрайымы болды. Ал 2006 жылы Дариға Нұрсұлтанқызының партиясы билік басындағы "Отан" партиясына қосылады, кейін партия атауы "Нұр Отан" болып өзгертілді. 2012 жылғы парламент депутаттарын сайлау кезінде "Мәжіліс" коммитетін басқарады. Ал 2014 жылы депутаттардың бір ауыздан қолдауына ие болып, төменгі палатаның вице-спикері атанды.

Сіз не дейсіз, оқырман?

[poll id="8"]

Қатысты Мақалалар