Қырғыз-Түрік лицейлері оқушыларға есек етін берген бе?

/uploads/thumbnail/20170708171314819_small.png

Жуырда Қырғызстан асханаларында тамаққа есектің еті қолданылғаны туралы ақпарат тарағаны белгілі. Қызғызсытандық бұқаралық ақпарат құралдары қоймада табылған есек еті арнайы қырғыз-түрік лицейлерінің асханаларына жеткізілген деген ақпарат таратқан болатын. Осыған орай "Себат" білім беру мекемесі жетекшілері Түркиялық басылым беттеріне лицейлер туралы жалған ақпарат таратушыларды сотқа беретіндіктерін айтқан. Бұл туралы Қырғызстанның Тоқмоқ қаласындағы кырғыз-түрік лицейінің директоры Нурлан Кудайбердиев "Тоқмоқтағы лицейлерге есектің еті тасымалданған және осының салдарынан оқушылар уланған деген мәлімет жалған. Бізді қаралау үшін әдейі жасалған. Бұл жала. Біз осы істі аяғына дейін шығару үшін жалған ақпарат таратушыларды сотқа беретін боламыз" дейді. Сондай-ақ, Кудайбердиев халықаралық білім беру ісін қадағалаушы органдарға аталмыш мәселе бойынша жүгінбек. Жақында ғана түркиялық басылымға "Қырғыз-Түрік лицейінде оқушылар есек етінен уланған" деген мақала жарық көрген болатын. Кейіннен белгілі болғандай мемлекеттік санэпидемиологиялық қызметкерлері "оқушылардың улануы себебі есек етінен емес" деген қорытынды шығарған.

Қатысты Мақалалар