Техология дамыған сайын зерттеу жане жазу жеңілдеп келеді. Соңғы күндері Andriod телефондармен жазуларымды пернетақтаға басу арқылы емес, қалта телефонға сөйлеу арқылы жазуға үйрендім. Өкінішке орай, бұл жүйе әлі қазақ тілінде жоқ, ағылшын, неміс, орыс секілді батыстық және қиыр шығыс тілдерінде бар. Айтпақшы түрік тілінде бар. Бірақ телефон қателіктер жібермей қоймайды, оларды түзету үшін қалта телефонға сымсыз bluetooth перне тақта қолданамын. Осылайша сандық технологиямен зерттеу және еңбек жазу жеңіл және рахат.
Сөйлегенді жазатын жүйе өкінішке орай windows (терезе) жүйесімен істейтін үстел үсті және тізе үсті компютерлерде жоқ. Бұл, android жүйесімен істейтін ұлы телефондар мен планшетті компьютерлерде бар. Iphone ұялы телефондарға бұл жүйеге биыл қана қосылып отыр.
Ұлы телефон немесе планшетті компьютерлермен мұндай жазу жүйені әркім өзі орната алады. Мұның үшін “глиф” деген қалта телефоны ұстайтын шағын апарат және үш аяк (трипод) керек. Құлаққа салатын микрофон аса қажет емес. Ұзақ уақыт жұмыс істегенде батерияның бітіп қалуында қажетті қосымша портативті зарядтау аппаратын алған дұрыс.
Өзім түрік тілінде “F” үлгісінде пернетақта қолданамын. Мұны 10 саусақпен пернетақтаға қарамай тез жазамын. Өкінішке орай, android телефондарында ол жүйе жоқ. “Q" үлгісіндегі жүйе бар. Алайда, мәселенің шешімі қиын емес. Ол үшін "External Keyboard Helper" деп аталатын бағдарламаны орнатамыз.
Бұл басқда мүмкіндіктері бар бағдарлама. Мұнда қажетті параметрлерді орнатқаннан кейін пернетақтада өзіңіз белгілеген бір түймеге басу арқылы сөйлегенді өзі жазатын жүйеге немесе пернетақтамен жазатын жүйеге оп-оңай ауысуға болады. Сөйлеп жазған тұста шыққан әріп немесе емле қателіктерін түзету үшін осылайша дереу пернетақта жүйесіне өтуге болады.
Сандық технологияның зерттеулерді оңайластыратын басқа да қырлары көп. Біз бұл мақалада тек сөйлегенді жазу жағына тоқталдық. Өзге қырларын да таныстыратын мақалалар кейін жазатын боламыз. Тіпті солардың барлығын қамтып “Сандық технология және әлеуметтік ғылымдар” деген атпен бір кітап жазуда ойда бар.
Заман бәсеке мен өзгерістер көп болған заман. Осы заманға сәйкес еңбекті тез жазып үлгеру керек. Осындайда технологияға жүгінген дұрыс. Сондықтан сандық технологиямен зерттеу және еңбек жазу жеңіл және рахат болғанымен барған сайын қажеттілікке айналады деп ойлаймын.