АҚШ әуе күштері Сирияны бомбалады (видео)

/uploads/thumbnail/20170708171403149_small.jpg

Бүгін АҚШ-тың әуедегі әскерлері  ИМ-нің  мүнай өндіретін зауытын  бомбалады деп хабарлайды Qamshy.kz порталы. Коалициялық күштердің қолбасшылығымен жексенбіден дүйсенбігі қараған түні АҚШ-тың әуе әскерлері  Сирияның Түркиямен шекаралас аймағында орналасқан ИШИМ-нің сүйық отын өндірілетін  (НПЗ) қоймасын бомбалаған. Түркиялық және Сириялық басылымдарда шабуылдан 30 адамның қаза болғандығы жазылған. Сирияның  Лондондағы "Адам құқықтары" жөніндегі ресми өкілі Рами Абдулрахман: - АҚШ әуе атқыштары Сирияның Түркиямен шекаралас аймағында орналасқан ИШИМ-нің  мұнай базасына шабуыл жасағаны рас. Ол аймақта қаза болғандар - ИШИМ  содырлары. Ресми ақпараттарда қаза тапқандардың саны 30 адам деп көрсетілген. Әлі толық тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл цифрлар әлі бірнеше есе өсуі мүмкін" - деді. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарашадағы баяндамасында "радикалды ұйымның қол астына өткен Исадор мұнай өндіруші базасы күніне 846 мың тонна өнім өндіреді. Бұл кірістің 1,6 миллион  доллары " делінген.

Қатысты Мақалалар