Путин Рамзан Қадыровты өзінің кеңесшісі етіп тағайындауы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708171404488_small.jpg
Ресей Федерациясының президенті Владимер Путин Шешенстан Республикасы басшысы Рамзан Қадыровты қызметінен босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz порталы ONpress.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ал Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыровтың бұрынғы қызметін оның жақындарының бірі атқаруы мүмкін.
Ресейлік басылымдар Рамзан Ахмадовичтің Ресей Федерациясының ортақ саяси өміріне қосқан үлесін ерекше бағалай келе, Шешенстанды басқаруға Рамзанның жақын досы әрі бауыры (лақап аты "Лорд" ) тағайындалуы мүмкін деп жазады.
Сондай-ақ, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Шешенстанның бұрынғы басшысы Рамзан Қыдров Ресей Федерациясы Президентінің Солтүстік Кафказ федерациялық округтері жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалу мүмкін деген жорамал жасауда.

Қатысты Мақалалар