Америкалық реп-әнші Канье Уэстаның концертінен алынған бір қапшық ауа eBay ұйымдастырған интернет-аукционда $60,1 мыңға сатылды. Бір апта бұрын сатылымға қойылған «Канье Уэстаның концертінен алынған ауа» деген жазуы бар қапшық алғашында небары $5-ға бағаланған екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды. Бір күдікті тұсы, сатушы бұл қапшықтағы ауаның расымен атақты репердің концертінен алынғандығы жайлы ешбір дәлел көрсетпеген. Информ