Астана. 10 наурыз. Qamshy.kz - Қытайдағы қандастарымыз үшін электронды кезекке тұру жүйесі іске қосылды.
Қандастарымыздың визалық рәсімдер жұмыстарына жеңілдік жасау мақсатында арнаулы сайт ашылды деп хабарлайды жергілікті БАҚ құралдары.
«Кезек» сайты – Қытай Халық Республикасының ұлты қазақ азаматтарына Қазақстан Республикасына бару үшін «жеке сапар визасын» рәсімдеу үшін кезекке тұратын интернеттік жүйе.
Kezek.org сайты арқылы Шыңжаңдағы қандастарымыз виза кезегін электронды түрде алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Бұл жүйенің іске қосылуы Үрімжіден алыс аудандарда тұратын ағайындар үшін өте тиімді болып отыр. Ондай аудандардағы қандастарымыз осыған дейін Үрімжі қаласына барып, апталап, кейде айлап жүріп виза кезегіне əзер қол жеткізетін еді. Енді электрондық жүйенің көмегімен тез əрі сенімді қызметке қол жеткізумен қатар əлі де тоқтамай келе жатқан делдалдық қызметтердің жолы кесіледі деп күтілуде.
Оразбек САПАРХАН