Алматы. 10 наурыз. Qamshy.kz - Ресей президенті Владимер Путин РФ Центробанк басшылығына және минситрлер кабинетіне үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЕАЭО және КО аясындағы ортақ валюталық интеграция құруды жеделдетуді тапсырды. "Ресей банкі және РФ үкімет мүшелері одақтас мемлекеттердің орталық Ұлттық банк басшыларымен келісімге келе отырып, алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияларды ретке келтіру үшін ортақ вальюта айналымға енгізуді жеделдету қажет. ЕАЭО-ның алдағы кезеңдерде даму перспективаларын, қаржылық және экономикалық тұрақтылықты реттеу үшін валюталық одақ құру, яғни ортақ валютаға көшуіміз керек", делінген В.Путиннің тапсырмасында.