Кәсіподақтар ұйымының көшбасшысы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170708171541483_small.jpg

Елімізде өткелі жатқан басты саяси науқанда жаңа есім пайда болды. Бүгін Кәсіподақтар ұйымының көшбасшысы, Қарағанды облысының экс-әкімі Әбілғазы Құсайынов ҚР Президентін сайлауға қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.

ОСК ғимаратына келген Әбілғазы Қалиақпарұлы журналистерге сұхбат беріп, бұл қадамға неліктен барғандығын және қандай нәтиже күтетіндігін айтты. - Дауыс беру уақыты басталмайынша сайлаудың нәтиежелері туралы айту артықтау. Президенттік сайлау - қоғамдағы өзекті мәселелрді көтеріп, әрбір азаматтың маңызды проблемаларына назар аударуға шақыратын шара. Мәселен, ол экологиялық және өндірістік қауіпсіздік сынды мәселелер болуы мүмкін, - деді Ә.Құсайынов.

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов - 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілінің әр жылдарында ол ҚР Экономика және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда вице-министрі, Көлік және байланыс вице-министрі, Көлік және байланыс министрі (2009-2011 жылдары), Қарағанды облысының әкімі (2012-2013 жылдары) қызметін атқарған. Бүгінгі таңда Әбілғазы Қалиақпарұлы Қазақстан Кәсіподақтар ұйымының көшбасшысы.

Қатысты Мақалалар