ҚР БҒМ ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекті құттықтады

/uploads/thumbnail/20180102094513364_small.jpg

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 баллды Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі жинады.

Шиара

"Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы, Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі, ең жоғары 140 баллды жинады. Шиара 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында тест тапсырған. Шиараны және оның ата-анасы мен ұстаздарын құттықтаймыз", —делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде ҰБТ 20 маусымда басталған. Тестілеуді биыл 102 447 түлек тапсырады.

Қатысты Мақалалар