Қытай визасының құны неге қымбат?

/uploads/thumbnail/20170708150924614_small.jpg

Тәуелсіздіктің  алғашқы   жылдары қандас туыстар шекара дейтін түсініктің екі жағынан жамыраса келіп табысып жатты. Төлқұжатпен- ақ ай аралап жүре беретін ТМД шеңберінде тұрып жатқан  Алаш  ұрпақтары  үлкен шаңырақ астына жиналуына    ат- көлік  аса болдыра қоймады. Қытаймен Кеңес  арасында кезінде мұз қамал болса  да,  азаттық жылдары  Қазақстанның шығысындағы шекарамыз ашылып,  жарты ғасырдан аса  ата-мекенін аңсаған қандастырымыздың  әупірімдеп елге  жетуі  де бір ғанибет іс болған еді. 

    Алайда, соңғы  жылдары  бұл байланыс  үзіліп  барады.  Арадағы  көші-қонның  тоқтағаны  өз  алдына, енді  уақытша  берілетін  виза алу да   қиындай  түсуде. Қытаймен Қазақстанның арасындағы алым- берім, барыс- келістің арқасында саяси, сауда, білім мәселелерімен шекара асатын азаматтар көбейсе де,  жеті- сегіз мыңнан аспайтын Қытай  визасы соңғы жарты жылда 3 есеге қымбаттап кетті.  Бұрындар 7 мың теңгеге беріліп келген рұқсаттың құны бұл күнде 200 долларға жуықтайды. Оның өзі тек үш айдың ішінде бір рет барып-келуге жарайтын виза.Түрлі мақсаттарға сай қазір бір жылға дейінгі мерзімге берілетін рұқсат та қысқарған.  Тіпті паспортыңа виза жапсырту үшін ең аз дегенде бір ай күтуіңе тура келеді. Аптасына алты- ақ сағат қабылдайтын Қытай консулының есігінен  қара құлып кетпейді.  Қытай  жағы  визаны  неге  қымбаттатып  жатқаны  да  белгісіз.  Нақты себеп  те  жоқ.  Сонда  арғы  бетке  қазақ  қалай беттемек?!

    Осы  виза мәселесі  бойынша  қанша  қандасымыз қысылтаяң  күйде  жүр.  Бір ғана  мысал,  Қытай  консулындығында визаның әлегімен жүрген Мәулен ағаға кезігіп қалған едік.  Нарынқолдық Мәулен аға атасы Қайшыбектің  бауыры Тойшыбек дейтін кісінің Қытай жеріндегі ұрпақтарын елге әкелу үшін шыр- пыр болып жүр екен. Ағамыздың   айтуынша,  Қайшыбек өмірге  келмей тұрып екі жасар Тойшыбек жиырмасыншы жылдардағы   аштық кезінде шекара асып кетіпті. Кейіннен   егемендік алып, сыртпен байланыс орнағалы   ары- бері өткендерден хабар алып,  етжақыны Мәулен ағаны тауып алыпты. Шекараның ар жағындағы бауырларына атасы туған топырақты иіскетуді парыз санаған Мәулен аға:  «Төкен атамның ұрпақтары бар екенін ести сала жедел паспорт жасатып, виза аштыруға консулға келген едім. Бүгін -  төртінші күн.  Күніге  кезекке ілінбей қалам. «Охраналар»  сыбырлайды:  делдалға  пара берсеңіз, тез бітеді деп.  Мұнда  сенделіп  жүрген жалғыз мен емес,  мен сияқты қаншама адам: жас бала көтерген аналар да, буыны босаған кәрі кісілер де жүр.  Соларды аяйсың!   Бәріміз  делдалға пара  берсек,  консул неге керек, заң қайда қалады?!- деп ашуланды  қария.    

   Түйін: Осындай  жағдайлардың күәсі  болып,  іштей  налымасқа  амалың  қалмайды!  Ата -жұртын аңсап, елге келсек дейтін қандастарымыздың  Қытай жерінде құжат мәселесімен сандалғаны да жетер. Алматының төрінде аспан асты елі атынан пәтуа жасайтын  қысық көздер тарылған ниетін кеңейіткені дұрыс- ау... Визаның қымбаттауы жойылып, делдалдарға тосқауыл салынса, Қытай консулы есігіндегі қара құлып көбірек ашық тұрса екен деген тілек біздікі.

Нұрғали Нұртай

"

span style="mso-spacerun: yes;"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар