Ұлықбек Есдаулет- халықаралық сыйлықтың жеңімпазы

/uploads/thumbnail/20170708150925078_small.jpg

Қырғыз ұлтының мақтанышы, ұлы ақыны Байдылда Сарногаев 80 жасқа толды. 2013 жылдың 16 ақпанында Бішкек қаласының опера және балет театрында ақынның мерейтойы кеңінен аталып өтті. Бар өмірін халқының өсіп-өркендеуіне арнаған, сол жолда ешбір қиындықтарға қарамай жыр маржандарын дүниеге әкелген шайыр елдің жүрегінен ойып тұрып алған. Оның: «Қырғыз болып тудым, қырғыз болып өлемін»- деген қанатты сөзі халықтың ішінде өте кең тарағанына Қазақстаннан барған мен және дәулескер күйші Секен Тұрысбеков куә болдық. Бұл алтын сөзді әрбір қырғыз баласы жатқа айтады. Кеште 73 жасында "қырғызым - жаңғызым" деп өмірден өткен Байдылда байкенің өмірінен сыр шертетін қойылымдар мен ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Кеш барысында «ЖЕТІМЕН» қоры ұйымдастырған ақындар арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Қордың төрағасы әрі құрылтайшысы барлық қазақ атбегілерінің досы, қырғыздың ұлттық батыры Болатбек Есентайұлы Шерниязов.Тұңғыш рет бұл беделді сыйлыққа талантты ақын, қазіргі қазақ поэзиясының үздік туындысы болып саналатын «Қанды жұма» өлеңінің авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдаулетов ағамыз ие болды. Ұлы ағамызды еларалық айтулы сыйлықтың жеңімпазы болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сәдібек Түгел, «Ұлы дала қырандары» қозғалысының теңтөрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері masa.kz.    

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар