ҚАЗАҚҚА ПАТРИОТИЗМ КЕРЕК ПЕ? («Совет өкіметін аңсаған» жазушыға хат)

/uploads/thumbnail/20170708171815195_small.jpg

Бұл мақала ертелі-кеш бір жазылар еді. Асықтырған, бұ­дан біраз уақыт бұрын бір ақынымыздың «бостандықтың аузын ұруы» мен жақында Талдықорған өңірінде жер шолып, ел шалып жүргенде тағы бір жазушымыздың (Дүние кү­­йіп кетсе де айтайық, Ғаббас Қабышев ағамыздың) «совет өкіметін аңсайтындығын» айтуы болды. Оған со Тал­ды­қор­­ған­­да бейтаныс бір жанның «Біз тағдырымызды На­зар­баев­қа тапсырғанбыз. Көтерген мәселеңізді сол шешеді. Біз­дің онда шаруамыз жоққа» саядымен жауапкершіліктен бас тартуын қоссақ, шынында да осы қазаққа патриотизм керек пе өзі деген ойға еріксіз қаласың. Оның үстіне орыс газетінде істейтін қазақ журналистің қазақтың кезінде шөлді де шөлейтті жерлерге күшпен көшіріліп, отаршылдық саясатынан тепкі көрген ұлтымыз туралы мақаланы басудан бас тартуын қоссақ, біз әңгіме еткелі отырған мәселе, тіпті, күр­де­ле­не түседі. Шынында да, осы қазаққа патриотизм керек пе?

Иә, біздің ешқайсымыз да Советтік кезеңде қазіргідей қиын­дық көрген жоқпыз. Соған қарамай, оны аңсайтындар кемде-кем десем, артық айтқандық болмас. Ал, «бостандықтың аузын ұру» ешкімнің де ойына кіріп шықпайды. Сосын, қазақ тағ­ды­ры туралы мақаланы баспауға әшейінде сөз бостандығы мен демократияны бетінен түсірмейтін газетке кім құқық берді? Мен Кеңестік кезеңнің жетістігі қаншалықты болса, кемшілігі де соншалықты болғанын білемін. Әсіресе, ұлт мәселесінде. Ол ұлт­ты біртіндеп, баяу ғана «ыстық» бауырластық құшағында өл­ті­ру еді. Сондықтан, оны ақтамаймын да, мақтамаймын да. Елі­ріп жамандауға да жоқпын. Сонымен, қазаққа патриотизм керек пе? Осынау келтірілген сөздер мен іс-әрекеттерді естіп, көргенде соның керектігіне күдіктенесің. Күдіктенбесек, осынау бір қасиетті сөзді біз үш жақта айта аламыз ба? Соңғы тәуелсіздік алған, өткенге есеп берерліктей кезең-кезде «Мен – патриотпын, Сен – пат­риот­сың, Ол – патриот» дейтіндей дәрежеге көтеріліп, аса құр­­мет­­ті мәртебеге ие бола алдық па? Болмасақ, неге? Жо­ға­ры­да­ғы үш жайға қарағанда, біз әлі ұлт ретінде осынау құдіретті сөзді айдарландыра, асқақтата көтеруге әлі дайын емес екенбіз. Ал, ХІХ ғасырдағы орыс перзенті, декабрист Раевский «Еcли патриотизм – это преступление, я – преступник, и пусть суд вынесет мне самый ужасный приговор, я подпишу приговор» десе, неге таңқалмасқа? Міне, осыған қарағанда патриотизмге құқық та, заң да жүрмейді. Ол Менің, Сенің, Оның, жалпы қазақтың МІНДЕТІ һәм БОРЫШЫ. Адам да, адамды топтастырып, тұтастыратын ұлт та, сосын екеуі жиылып құрайтын мемлекет те табиғи-тарихи категория. Адам патриот болып тумайды, өсе, жүре келе қалыптасады. О баста оны Тәңір солай жаратқан. Со бір тұтас құбылысты күй­ре­ту – бүкіләлемдік дағдарысқа бастар жол. Яғни, оны қор­ғап-қолдамай, «жалпы әлемдік тәртіпте» түзеп, «жал­пы­ха­лық­тық» космополиттік ниет-құлықтың жетегінде көру өзін қазақ санайтын әрбір адамның азаматтығына сын. Енді, естеріңізге 20-жылдарды салайын. Сол кездердегі өзі­­нің елін, жерін сүйіп пат­риот болғандар «Алашордашы» – кертартпалар атанып, ақтың құйыршығы саналды. Сөйтіп, «патриот» сөзі «Алаштың» баламасына айналды. Оны айтасыз, Мұс­та­фа Шоқай патриотизмін фашизммен жа­ңы­лыс­ты­рып, артынан топырақ шаш­па­дық па? Ал, 1941-1945 жыл­ғы қа­зақ патриотизмі болса жалпыхалықтық ин­тер­на­цио­­на­лизм­нің баламасы болды. Оның бүкіл атақ-даңқы, дәрежесі орыс хал­қы­на телініп, «Ресей кең байтақ» ұғымымен алмастырылды. ендеше, Мен де, Сен де, Ол да өзіміздің әке-шешемізді, олар­дың бүкіл жетістік-кемші­лігі­не қарамай, менің әкем-шешем деуден қалай ұялмай, қорықпасақ, қазақты, оның жерін бүкіл жетістік-кемшілігіне қарамай бұл біз, біздің ата-жұртымыз деуден солай ұялмай, қорықпауымыз керек. Яғни, жазушы, орыс валентин Рас­пу­тин­нің «В каждом из нас, не утерявшем нацио­нальные корни, независимо от того, к какой бы нации мы не принадлежали, это чувство столь же живо и зримо, как чув­ство к детям» деуі өте орынды сөз. Орыс ұлтжандыларының құр­­мет­теп, сыйлайтын да қасиеттері сонда. Мен Ресейдегі орыс ұлтшылдарынан қорықпаймын, қо­рық­сам, сол тілде сөй­лей­­тін аз ұлттан, сонан соң ресейлік­тер­дің Қазақ­стандағы қазақты мойындамай, қа­зақ мемлекет­ті­лі­гі­не күдік келтіретін қандас­тарынан қорқамын. Бізді оларға құ­­бы­­жық көрсететін де солар. Оған өзіміздің орыстанып, ас­си­ми­ля­ция­ға түскен «сұйық қан» отандастарымызды қосыңыздар. Міне, бұлар тұрғанда жалпықазақстандық патриотизм қа­лып­тас­ты­ру утопиялық (қиял-ғажайып) жай. Оған 1986 жыл­дың жел­тоқ­са­ны мен кешегі Өскемендегі Пугачев-Ка­зи­мер­чук­тер­дің іс-әрекеттері куә. Сондықтан, алдымен Қазақстанда қа­зақ пат­рио­тиз­мі қалыптасып, сосын әрбір басқа ұлт өкілі ада­­мы­­­ның аза­мат­ты­ғы­на сын Қазақстан патриотизмі қалыптасуы тиіс. Қа­зір, Қа­зақ­стан  атты үлкен үйде осы бір мәселеге келгенде, оған кін­дік боларлық – Қазақстан халқының ас­сам­блеясынан бас­қа ештеңе жоқ. Сыртқа қарап «ұлушы» Ақпарат ке­ңіс­ті­гін­де­гі кейбір ба­сылымдар тұрғанда, жалпықазақстандық патрио­тизмді қалыптастыру арман. Ол үшін заңды қатаң тәртіп, оны орындағысы кел­месе орындататын заң қадағалаушылары мен бақылаушылары керек. Ал, демократия, сөз бостандығы, адам құқығын теріс мақ­­сат-мүдде тұрғысында тұрған жері, ара­­­лас­қан елінен бөле-жара қарайтындар үшін келісімпаздыққа жы­ғыл­ғыш, жалтаң­дау­­шылықтың «балалық ауруынан» арыла­тын кез келді. Тәуелсіз он жыл аз уақыт емес. Әри­не, бұл өзге ұлт­тар­ды кемсітіп, ығыс­тыру арқылы жүрмеуі тиіс. Ұлт­тық эгоизм ешуақытта шынайы патриотизмді қа­лып­тас­тыр­ған емес. Қа­лып­тас­тыра да алмайды. Біздің сақ­та­на­тын тұ­сы­мыз да со тұс. Патриотизм – тарихи-географиялық, ұлттық-мемлекеттік мақ­­­сат-мүдде негізін қалап, оны өзге ниет-пиғылдардан қор­ғай­тын табиғи да тума түсінік. Мен бүкіләлемдік ағайынгершілік, та­ту­лық­қа, экономикалық алыс-беріске, мәдени-әдеби бай­ла­ныс­қа еш­қандай қарсы емеспін. Бірақ, ол жолға тілім­ді, ді­лім­ді, бо­йым­да­ғы болмыс-бітімім, ұлттық құндылығымды жо­ғал­тып түс­кім келмейді. Оған аш-жалаңаш болсам да (олай болуы мүм­кін емес, өйткені, біздің қазақтың ұлт ретінде оған мүм­кін­ді­гі де, ел, жер бай­лығы да жетеді) ұлттық кескін-келбетте қол жет­кі­зуім керек. 1986 жылы бүкіл Кеңес одағы бойынша «қазақ ұлт­­шыл­­ды­­ғы» жарияланды. Сонда Ресейдегі «Наш современник» жур­на­лы­ның редакторы, ақын, ұлтжанды орыс патриоты С.Куняев «қазақ егер қазақша мектеп аш десе неге ұлт­шыл болуы керек» дегенге саятын мақала жазып, қа­зақ ұлт­шыл­ды­ғы­ның қа­зақ­қа жабылған жала екендігін тілге тиек етті. Ол сол кездегі «правда» газетінің тіл туралы ұстаған позициясын айыптап, Қа­зақ тілінің дамуын насихаттаған ұлт ақынын қолдап: «наверное, каждый из нас, думая о своем родном язы­ке, скажет в душе то же самое» дей ­келе, «зачем же центральный орган так бестактен по отношению к здоровой за­боте национальной интеллигенции о язы­ке?», – дейді. Ал, сол кезде қа­зақ­стан­дық жазушы, бүгінгі депутат И.Ще­го­ли­хин мырза сондай іс-әрекетке бара алды ма? Әри­не, жоқ. Со И.Щеголихин және Е.Анов, П.Атрушкевич – сенат жұмысын мемлекеттік тілде жүр­гі­зу туралы Ш.Бер­кін­бае­ва­ның ұсынысына салған жер­ден қар­сы болды. сонда неге қалған депутаттар со үшеуді қол­дай­ды да, ал, ұлт­жан­ды депутаттың сөзі неге өтпейді? Бұл да бей-пат­риот­тық, ұлы мақсат жолындағы табансыздықтың кө­­рі­­ні­­сі. Сондай-ақ, құрметті депутат-жазушы Өскемен оқи­ға­сын неге айыптап мақала жазбады? Оны неге Қасым Қай­се­нов жазуы керек? сонда, Отан И.Щеголихиндікі емес пе? Дү­­ние­­нің азабы бір саусағы бүгулі жандармен қатар өмір сү­­ріп, ұлы мақ­­сат жолында жүрмін деп ойлау. Міне, осындайда ма­ған қа­зақ­стан­дық патриотизмге қарағанда қа­зақ патрио­тизмі жақын тұ­ра­ды. Ендеше, қазаққа өзінің мол мүм­кін­ді­гін өзгеге мойындату үшін патри­отизм ауадай қа­жет екен. Осы тұста айтпай кетуге болмайтын жай, бизнестен келген, депутат Ә.Иса­ха­нов­тың Ресей, Беларусь ода­ғы­на ұм­ты­лу пи­ғы­лын қа­лай түсінуге болады. Бұ да бір қа­зақ пат­рио­тиз­мі­нің ел азаматы бойындағы енжар тартқан тұсы. Ұлт – табиғатынан патриот. Бірақ, біз ұлттық интеллигенция, ұлтты экономикалық та, саяси да, рухани да, айта берді әлеуметтік-қоғамдық процестерден қағыс қалдырып, үнемі батысшыл, «жабайы мәдениет» пен «ләззаттану мен тояттану» принципіндегі құндылықтарды насихаттайтын идеялар мен идео­ло­гия­лар­дың топан тасқыны астында қалдырып келеміз. Яғни, олардан оны арашалап алардай қарым-қауқар көрсете алмай жүрміз. Газет-журналдарымыз бен теле-радио арналарымызда – қашанда ұлттың еңсесін басатын, жөн-жосықсыз жа­ман­дық­­ты теріп жазу мен көрсетуге әуеспіз. Ол ұлттың бойын ҮРЕЙ­ГЕ алдырып, жанын жасытады. Сөйтіп, рухын сындырады. Сонау 1922 жылы Мұхтар Әуезов Басқарма атынан «Қа­­зақ қалам қайраткерлеріне» жазған Ашық хатында, «…газеттерден қазіргі уақытта жұртшылықтың көбі жамандық бө­­лі­­мін оқиды. Ол неден? Себебі, жамандау қазақ мінезінде өсек­шіл­дік­тің салдары: бұл жерде газет те ел рухына жа­­қын­­дай­­ды. Сон­дық­тан, ол бөлімнің оқушысы бар» дей келе «Сон­­дық­­тан, шы­ғып жатқан газеттердің мұндай істері жамандау мен мақ­тау­дан қолы тимейтін болса, оларға бетіңнен жа­­рыл­­қа­­сын дейміз» деп жазған еді. Ұлы жазушының сол бір жылы кө­­тер­­ген мәселесінің әлі де мән-мағынасын жоғалтпағаны облыстарымыздан бастап, республикамыздағы шығып жатқан кейбір өзін тәуелсіз санайтын орыс, қазақ газет-журналдарынан көрініп жүр емес пе? Оны айтасыз, ұлы Мұхаң: «Оның үстіне, өзге кі­ші­лі­гін қоя тұрғанда, қазіргі кейбір баспасөздерде көбіне қа­­зақ­­тың мақтаншақтығы шығатын болды. Бұл әдет оқушы жию­­дың орнына көп жұртты баспасөзден жирентіп барады. Осы айт­қан­ның бәрі де әдебиеттің елге тәрбие бере алмай, иә, рухына жа­қын­дай алмай жүргендігінің белгісі», – дейді. Міне, осы­ның өзінен-ақ Әуезовтей алыптардың ұлт мәселесіне келгенде еш­қан­дай келісімпаздық пен ымыраға келмес, бірбеткейлігін кө­ру­ге болмай ма? Жылдан астам уақыттағы интернационализм ке­зе­ңі өтіп, бүгінде патриотизм мезгілі туып отыр. Оны біреу бі­ліп, біреу білмейді. Ал, білсе де жаңылысып жүргендер, со жал­пы­ха­лық­тық құндылық, экономикалық-әлеуметтік, мә­де­ни-саяси әдісі – модерн жетегінде жүр. Қазір рухтар қақ­­ты­­ғы­­сы жү­ріп жатыр. Ол бірде ашық қылаң ұрса, енді бірде су асты ағыс­та­рын­дай әсерде жүруде. Ендеше, қазақ пат­рио­тиз­мі­нің бір сәт те болса қалғып-мүлгуге ешқандай да құ­қы­ғы жоқ. Қа­зақ табиғатынан интернационалист ұлт. Оған қа­­ра­­ған­­да бізге қазір патриотизмді үйреніп, балаларымыздың бойларына сіңіре беруіміз керек. Ол – ұлттық интеллигенцияның мін­де­ті. Жөр­гек­те­гі сәбиді бесікке бөлеген кезде қазақ да­ла­сы­ның кең­ді­гі мен оның территориясын, оларды қорғап қалған батырларымызды, айта берді ел-жұртымыздың қазақы барлық жақ­сы қа­сиет­те­рін «Бесік жырына» қосып, бөбек бойына сіңіре бермесек болмайды. Ертек-аңыздарымыз бен батырлар жырымызды да со «Бесік жырындай» ойға да, бойға да қансіңді болатындай мақтанышпен құлақтарына құя беруге тиіспіз. мектептеріміздегі оқушыларға да со бағыттағы тәлім-тәрбие жүр­­гі­­зе­­йік. Мұны айтып отырғаным, қазір кейбір мектептерде тарихты ресей оқулықтарымен оқытады. Осы бір жолдарды жазып отырып, менің есіме 1917 жылдың 15 наурызында майдан шебіндегі Минскіден қазақ даласына Үндеу жолдаған «Он бес­тің жеделхаты» түсті. «Учредительный собрание сайлауларына қазақ болып қам­дану керек. Жарамды, жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді, араздық, өштік, дау-жанжал, талас, партиялық сы­йыспауларды тастау керек. Көксерілік жұмыстарың – ел бір­­лі­­гі, адалдық болсын! Жер мәселесін де қоз­ғауды тезірек қол­ға ала беріңдер! Біз қалайтын патшалық түрі – демократический республика, яғни, мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі. Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаң­дар! Түзулік іс етің­дер, жаңа үкіметті сүй­ең­дер.

Ғалихан, Мирякуб, Мұса, Шаһмардан, Мырзағазы, Хасен, Шафхат, Сұлтанбек, Иса, Мұхамедғазы, Хайралдин, Райымбек, Нәзір, Тәмимдар, Тел». Міне, бұл патриотизм! Осындай қадір-қасиетті ағалар ұр­па­ғы бола тұрып, біздің қазіргі ыққа жығылғыш іле­сім­паз­ды­ғы­мыз­ға жол болсын. Соған қарағанда, қазіргі қалғып-мүл­гіп бара жатқан қазақ патриотизмі оянып, сілкінбесе болмайды. Оған депутат, бұрынғы генерал-кеденші Ғ.Қасымовтың «Қа­зақ­стан патриоттары» деп құрған партиясының қаншалықты себеп-салдары болатынын қайдам, ал, әзірше менің білетінім, нағыз шын мә­нін­де­гі ұлттық патриотизм қалыптастыратын саяси күшті топ құ­рыл­ған жоқ. Ал, бір кезде, 1806 жылы Фихте германияда неміс патриотизмін арттыру үш «Союз добродетели» үйір­ме­сін құ­рып, ол кейін бірнеше буын патриот-интеллигенция өкіл­де­рін қа­лып­тас­тыр­ға­нын тарихтан білемін. Әрине, мұның бар­лы­ғы өзге ұлттарға қиянат жасау арқылы жүрмеуі керектігі де тарихтан алған сабақтардан белгілі. P.S. Бет қатталып жатқанда қолыма бұрынғы қа­зақ­стан­дық, Талдықорғанда өсіп-өнген, бір кезде Қазақстанды дүр­лік­тір­ген атышулы «атаман» Н.В.Гунькиннің «Казачий кулак против экс­пансии инородцев» деген кітабы тиді. Онда ол: «… русские цари не отказывали их черномазым вождям настойчиво просимом подданстве» – дей келіп, – Нука назовите мне хотя бы одного Мыркымбая, который придумал автомат, пулемет или самолет. Где великие Саксауловы или аксакаловы руководившие фабриками и заводами? Куда подевались, наконец, туземцы, благодаря которым скотоводство добилось увеличения поголовья? Что-то не сыскать их в научных энциклопедиях и словарях. В лучшем случае стоит заглянуть в драную юрту, где дрыхнет нажравшийся жирного бишбармака толстый Сексембай», – дейді. Мұны айтып отыр­ған Қа­зақ­стан­ды Отаны санайтын жан. Қазаққа көзқарасы жо­ға­ры­да­ғы­дай. Осыдан кейін қазақстандық патриотизм жөнінде қан­дай әң­гі­ме қозғауға болады. Ал, ресейлік ұлтжанды С.Ку­няев­тің қа­зақ туралы пікірін жоғарыда оқыдыңыздар. Сонда, гунькин кім?

Дереккөз: "Ақиқат" журналы

Аманхан Әлімұлы, «Қазақ әдебиеті»

1 қыркүйек, 2000 жыл

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар