"КТК телеарнасындағы "Жұлдызды ақиқат" бағдарламасының көксегені не? Әріптестерді бірін-бірімен шағыстыру ма? Басынан баяндайын." деп бастады әңгімесін Қайрат Нұртастың Арт-Директоры.
"Осы бағдарламада дизайнер Берік Исмаиловтың Қайраттың киім кию стилін сынағанын жанкүйерлер "WathsApp" арқылы жіберді. Жақсы араласып, Қайратқа өзі де костюм тігіп жүрген Берік ағаның бұл қылығына таң қалып,видеоны соған салып,астына пікір қалдырдым. Сөйтсем ол кісі мынадай жауап жазды: "Это его право. Половина там смонтировано. Я ответил только на один вопрос. Про фрак нравиться мне или нет . А на вопрос я отвечал про кудайберген бекиш а они красиво смонтировали я скоро судится буду с ними. Молодец что отправила . Я разберусь". Дәл осы бағдарлама жақын арада ешқандай дәлелі жоқ,ешкім растамаған,ел арасындағы өсекті айғайлатып "Қайраттың неше баласы бар" деп берді. Құдды, өздері барып перзентxанадан шығарып алғандай. Жарайды, телеарнадан тапсырысты алған студия нан табу үшін,рейтинг жасау үшін, журналистік "фактімен дәлелдеу,көрерменге тек шынайы,ешкімге зиян тигізбейтін,жеке өмірге қол сұқпайтын ақпаратты ғана жеткізу" деген принциптен аттап,өз намыстарын таптап беріп жатса да өз ұяттары білсін, қайтсін енді "рейтингтің құлы" болғандар ғой деп тыныш қойған едік. Сөйтсек, "дәніккеннен құныққан жаман" дегендей білгендерін жасап бара жатыр ғой. Рейтинг жинауларыңыз керек сөйтіп телеарнадан тапсырыс алып күнелтулеріңіз керек,түсінеміз, бірақ,сол нәпақаларыңызды адалынан,ешкімге зияндарыңызды тигізбей тапсаңыздар! Әр нәрсенің шегі бар ғой! Айтпақшы, аталмыш ақпаратты ұнатқандардан теріс көргендер көп болыпты." vk.com
Пікір қалдыру