Ақ Жайықта  көркем әдебиеттерді смарт телефон арқылы  оқуға мүмкіндік жасалды

/uploads/thumbnail/20180612125813510_small.jpg

Білімнің бастауы кітапта екені сөзсіз.  Алайда жасөспірімдердің  кітапханаға баруының сиреп кеткені жасырын емес. Осы орайда батысқазақстандық кітапханашылар   құнды әдебиеттерді электронды жүйеге көшіріп, смарт телефондар арқылы оқуға мүмкіндік жасауда. Әсіресе пойыз жолаушыларына  «Жолаушы, жолға кітап ал » акциясы аясында Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Қадыр Мырза Әлі  кітаптарының электронды сілтемесі ұсынылды.

Осы орайда айта кетсек, облыстың жалпы қорында  5 миллион 650 мың кітап  бар. Оқырмандар саны 300 мыңнан асады. Ауылдық жерлердегі 14 кітапхананың өз сайттары бар. Ал қорда сирек кездесетін 25 мыңдай басылым сақталған. Олардың қатарында 18-19 ғасырларда шыққан туындылар, көлемі өте шағын және танымал адамдардың қолтаңбасымен жазылған сондай-ақ латын қарпімен жазылған қазақ тіліндегі әдебиеттер бар. «Кітапханалар  желісінің алдындағы міндет – осынау баға жетпес байлықты электронды форматқа көшіру», - дейді мамандар.

Орал шаһарындағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми кітапханасының тарихы  1871 жылдан бастау алады. Ол кезде кітапханада небәрі 4750 дана кітап болған. Кейін кітапхана 1947 жылы Оралдағы ең көне тарихи ескерткіш  ғимараттардың бірі саналатын «Карев үйіне» көшірілді. Бүгінде  кітапхананың 22 мыңдай оқырманы бар.

  • Кітаптың сөреге жетуінен оқырманға жетуіне дейін үлкен технологиялық процесстерден өтеді. Бұрын кітап бүтіндігіне жиі қадағалайтын едік. Сандық технологияға көше бастағанда оқырмандар үшін тиімді жолды таңдап, кітаптарды электронды жүйеге көшіріп бастадық. Кез келген адам кітаппханаға келмей, үйде отырып-ақ том-том кітаптарды оқи бастауда.  Қазіргі таңда бірнеше әдеби кітаптар электронды жүйеге көшті,- дейді мамандар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар