Ғылым министрлігі сөздікті дамытатын мекемені айқындады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлға ретінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығын белгіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды.
"Тіл-Қазына" орталығы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асырады.
Еске салайық, Қазақстанда қазақ тілін қорғау және сақтау үшін бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыру және қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құру көзделіп отыр. Жаңа заңға сәйкес, мәтіндерді өңдеу және талдау мақсатында жасанды интеллект негізінде қазақ тілінің тілдік моделі құрылады.
Пікір қалдыру