Алматы жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері тек қана шілде айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына - 2 млрд теңге, бір жылда 19 млрд теңге көлемінде ақша аударды.
Бір ғана шілде айында алматылық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына 2 млрд теңгеге жуық сома аударды.
Алматы аударымдар сомасы бойынша (23%) Қазақстанда көш бастап тұр. Астана екінші орынға (12,5%) табан тіреді. Үшінші орында - Қарағанды облысы (8,2%).
Айта кету керек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін алматылық жұмыс берушілердің салған сомасы 17 млрд теңге болған еді. Осылайша 2018 жылдың шілдесінде 2 млрд теңге қосымша түсім түсті.
Ал Қазақстан бойынша жиналған төлем көлемі 88,9 млрд теңгеге жетті. Қорға түскен қаржының барлығы ҚР Ұлттық банкінде сақтаулы.
МӘМС қоры мен ҚР Ұлттық банк арасында сенімді басқару туралы келісімге қол қойылған.
Ал МӘМС аясында медициналық көмек көрсету 2020 жылдан басталады.