Ағымдағы жылы Жамбыл облысында радиактивті қалдықтар қорын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың осы аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында мәлім болды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда облыс бойынша 144 радиоактивті ошақ бар. Онда уран, радий және радонның қалдықтары анықталып отыр. Әсіресе, Мойынқұм ауданындағы Құлан кен орнын жан-жақты зерттеу керек. Себебі ол жерде радиоактивті элементтер көптеп кездеседі.
Пікір қалдыру