Ақтөбелік кәсіпкерлер туған жеріне демеушілік танытуда

/uploads/thumbnail/20180906181608123_small.jpg

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл-аймақтарда жаңа ғимараттар бой көтеруде. Әсіресе, Ақтөбе облысының Қарғалы, Темір, Қобда аудандарында қарқынды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Биыл Қарғалы ауданы бойынша аталған акция аясында жоспарланған жобалардың саны – 46, жалпы құны — 101 млн 103 мың теңге. Бүгінгі күні аудан бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 28 жоба және ауылдық мектептерде 50-ден аса кіші жоба жүзеге асырылған. Жалпы құны — 54 млн 750 мың теңге. Акция аясында барлық 8 ауылдық округ қамтылған.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Есімбаевтың айтуынша, биыл қыркүйек айында ауданда жерлестер форумын өткізу жоспарлануда. Форумға ауданнан шыққан құрметті азаматтар, белгілі кәсіпкерлер, әр саланың білікті өкілдері, т.б. шақырылады.

Аталған форум аясында Ресей, Германия және басқа да мемлекеттерден келетін жерлес кәсіпкерлердің және түлектердің қатысуымен аудан аумағында әлеуметтік нысандарды салу үшін бірнеше меморандумға қол қойылмақ. Акция аясында аудан орталығы Бадамша ауылында мектеп түлектерінің демеушілігімен жастарға арналған хоккей корты салынды. Сондай-ақ «Бақытты бала» жобасы аясында №1 Бадамша орта мектебінің жанындағы жазғы спорт алаңына жеке кәсіпкердің демеушілігімен құрылысқа дейінгі барлық жұмыстар жүргізілген.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыстың Желтау ауылдық округіне қарасты Ш.Қалдаяқов ауылында кәсіпкер Б.Саймақовтың демеушілігімен «Қазпошта» мекемесі ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қосестек ауылында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ауылішілік 4 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кемпірсай ауылдық округіне қарасты Жосалы ауылында жоспардан тыс ауылішілік көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, ауыл тұрғындарының және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 8 көшеге қиыршық тас төселіп, тегістелді.

Бүгінгі күні жоспардан тыс барлық округтерде ауыл тұрғындарына арналған воркаут алаңдары салынуда. Қазіргі таңда аталған алаңдар Бадамша, Қосестек, Ащылысай, Әлімбет ауылдарында тұрғындарға пайдалануға берілген.

-Биыл маусым айында барлық мектеп түлектерінің басын қосқан «Түлектер фестивалінде» аудан орталығының стадионында әр жылдарда түлеп ұшқан түлектердің қатысуымен салтанатты шара өтті. Аталған шара аясында жерлестердің қатысуымен Бадамша, Ащылысай, Степной ауылдық округтерінде кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік кластары ұйымдастырылды, — дейді Е.Есімбаев.

Айта кету керек, биыл жоспардан тыс жеке кәсіпкердің демеушілігімен жалпы құны 25 миллион теңге көлемінде Петропавл ауылында жетім өскен балалардың отбасына арналған тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Қатысты Мақалалар