Ақтөбедегі саялы саябақ кеңеюде

/uploads/thumbnail/20180906181322614_small.jpg

Ақтөбе облысындағы Тұңғыш Президент атындағы Мәдениет және демалыс паркі кеңеюде. Құрылыс жұмысының жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы танысты.

Демалыс саябағында ғашықтар аллеясы, орманды және тарихи аймақ, этноауыл, декоративті жылға, субұрқақтар, қала тұрғындары үшін басқа да демалыс орындары қарастырылған.

Облыс әкімі Бөкенбай батыр көшесіндегі ІТ-орталық және жеңіл атлетикалық манеж құрылысы барысын көрді. Жалпы құны 4 миллиард теңге тұратын әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазхром» АҚ және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниялары қаржысы есебінен жүзеге асуда. Бұл құрылыстарды 2019 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда Ілияс Испанов Бөкенбай батыр көшесіндегі жоғарыда аталған нысандардан басқа, жабық спорт стадионы, аквапарк және цирк ғимараты бой түзейтін құрылыстар концепциясы туралы айтып берді.

Жұмыс бабындағы қарау Әлия даңғылынан басталып, Әбілқайыр хан даңғылы бойымен облыс әкімдігіне дейін және Абай бульварында жалғасатын бірінші жаяужол аймағын құру бойынша жұмыстарымен танысумен аяқталды. Жобада орындықтар орнатып, жас көшеттер отырғызу, авторлық шағын архитектуралық формалар, құрғақ субұрқақтар, жарықтандырудың түпнұсқалы шамдарын, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жасақтау қарастырылған. Болашақта көріктендірілген жаяужол аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы демалыс орнына айналмақшы.

«Саябақ іске қосылған жағдайда жергілікті тұрғындардың саялы саябағына айналып, қала көркі ажарлана түсетін деп ойлаймын. Адамдар жұмыстан шаршап келгенде, отбасымен демалып, серігіп қайтатын мәдени орындар болғаны жақсы. Таза ауада отбасымен жиі серуендеу арқылы адамдар салауатты өмір салтын қалыптастырады. Денсаулықтары мығым, жаман әдеттерден аулақ болады. Осы орайда өңірде жасалып жатырған жұмыстар аз емес. Мәдени-демалыс саябақтары, тынымбақтар бой көтеруде. Ақтөбе жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді. Қала жасыл-желекке айналуда. Бұл біз және келешек ұрпағымыз үшін көз қуантарлық дүниелер. Облыста аббаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Көздің жауын аларлық ғимараттар да салынып жатыр. Өңіріміз өркендеп, көркейе берсін,- дейді қала тұрғындары.

Бұл жоба мұндай жаяужол аумақтары қала тұрғындарының айтарлықтай оң бағасына ие болған Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін ескеріп жүзеге асырылуда.

Қатысты Мақалалар