Бүгін Қырғызстанда өтіп жатқан "Көшпенділер ойынын да" көкпардан жартылай финал да Қазақтар- Өзбек құрамасынан жеңілді. Өзіміздің ұлттық ойынымыз да жеңіліп қалған кәдімгідей ауыр тиеді екен. Қазақтардың өз аттарын апармағаны да жеңіліске себеп болғандай. Бізде қәзір жекпе-жекке жарайтын ат жоқ екен. Лазер ойыннан кеткесін жақсы ат табылмай келеді. Сарышаян деген Алматы обылысынан шыққан мықты ат бар еді. Оны да Өзбектерге сатып жібердік. Қырғыздардың аттары мықты.Орта азия да көкпарда Олардың Аxилесіне тұратын ат жоқ. Тағы -Бойка, Геркулес, Краз, тб мықты аттары бар. Бізде жалғыз Намыскөк қана, оның өзі бабын да жүр ма жануар, Алла біледі. Бізде де Қырғыздар сияқты жақсы аттарды шетелге сатуға болмайды деп тыйым салып қойса болар еді.
Ұлттың намысы сынға түскен уақта Бішкектің атқорасынан жылқы таңдап жүрген Қазақ жігіттерін көріп жүрек ауырады екен. Сонда баяғы Ілияс атамыз суреттеп кеткен Қазақ даласын да көсіліп жүрген: Адамнан есті жануар -Адайдың Көкмойнағынан,
Қозыбайдың дүлдүлі- Серпінді Көк аттан,
Дулаттың - қашса құтылып, қуса жеткен Құмайы мен,
Шудың бойын шулатқан- Меруерт жолдас Ақсұрдан,
Сырдың бойын сілтідей тыйып жүрген Қызқарадан,
Бәйге бермес ұдайы- Ұлытаудың Құбайынан,
Қыпшақтың Ақбақайынан,
Арғынның Аласынан,
Алдына қара салмаған Көкшетаудың Құласынан,
Керейдің- Елік-құбақанынан,
Есілдің Қасқабұласынан,
Аралдың Алаүйрегінен,
Жарылқаптың Жиренінен,
Жалайырдың бейпіл Бөртесінен,
Найманның Сұрсеркесінен,
Төстен түлкі қоймаған
Тобықтының тұйғынынан,
Жауғашардың Жамбылторысынан,
Албанның аузымен құс тістеген Аққанат Керімен,
Шапса екпіні дауылдай,
Көкаласынан - намысқа шабатын құлын түспеген ба?
Қазақта жақсы ат жоқ дейді қазір. Жабыдан айғыр салсаңыз, жауға мінер ат тумас депті бұрынғылар! Не деуге болады... Жүрек ауырады.
Айбек Ережеповтің фейсбук парақшасынан