Ақмолада әкесі өз ұлын көлікпен басып өлтірген

/uploads/thumbnail/20180908113951149_small.jpg

Ақмола облысында көлік басып кеткен сәби ауруханада көз жұмды.

"Оқиға 6 қыркүйекте Ақмола облысы Есіл қаласында болған. Жеке үйлердің бірінде 1985 жылғы ер адам Volkswagen көлігімен ауладан шығып бара жатқанда, 2015 жылы туған ұлын басып кеткен", - деп хабарланды Sputnik.kz порталы берген ақпаратта.

Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккен сәбиді жедел жәрдеммен орталық аудандық ауруханаға жеткізеді.

"Сәбиге "жабық бассүйек-ми жарақаты, бассүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, кома" деген диагноз қойылды. Оны тез арада жансақтау бөліміне жатқызғанымен, алған жарақатынан жан тапсырды", — деп мәлімет берді дәрігерлер.

Полиция тексеру жүргізіп жатыр, сәбидің денесін сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жөнелтті.

Қатысты Мақалалар