Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында 12 қыркүйек пен 11 қазан аралығында взвод командирлерін дайындау бойынша запастағы офицерлермен үш апталық жиын өтуде. Берілген жиынға Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 300 запастағы офицерлер қатысуда. Жиын қатысушылары мерзімді қызмет өткен, ЖОО-да әскери кафедраны бітірген. Жиында барлық бағдарламаларды сәтті өткен және жақсы мінездеме алғандарға кезекті әскери атағы беріледі.
Қазіргі таңда жиынға шақырылғандар казармалық жағдайда. Барлық әскери пәндерден практикалық сабақтар белсенді өтуде. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жетілдіру үшін әскери міндеттілер далалық жағдайда өздерінің әскери білімдерін шыңдауда. Жиынның барысында әскери міндеттілер взвод командирінің іс-әрекеттерін оқып үйренеді және олар мотоатқыштар, танк, инженерлер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері мамандықтарын оқып жетілдіреді.
Құрлық әскерлері Әскери институтының профессорлық оқытушылар құрамы РХҚ, тактикалық дайындық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпы әскери жарғылар бойынша сабақтар өткізуде. Сонымен қатар, әскери міндеттілер ату, жүргізу курстарын және саптық дайындықты тереңдете оқуда. Сабақтың көптеген бөлігі жауынгерлік жағдайда практикалық түрде өтуде.
«Мен Қарағанды облысынан келіп отырмын. Осындай жиындарға бірінші қатысуым. Осы оқу орталығына келісімен сабақ кестесіне байланысты барлық әскери пәндер бойынша сабақтар белсенді өткізілуде. Жауынгерлік дайындық және әскери іс, қару-жарақ және әскери техника негіздерін оқудамыз. Менің пікірім, осындай жиындар міндетті түрде өткізілуі тиіс және бұл деген ҚР әр ер азаматтарының тікелей борышы деп білемін. Өйткені ол Отанының қорғаушысы, өз елінің патриоты», - запастағы аға лейтенант Баймұрынов Сержан өз пікірін білдірді.
«Жұмылдыру және жинақтау кезінде ҚР ҚК өрістетуге қажетті жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, әскери оқытылған ресурстарды даярлау үшін жинақтау аудандарында запастағы офицерлермен полигонда жиын өткізілуде. Қазіргі кезде жиынның белсенді кезеңі өтуде. Ату, әскери техниканы жүргізу, (БМП-1, БМП-2, БТР-80) тактикалық дайындық, байланыс құралдарын оқып жетілдіру бойынша практикалық сабақтар күнде өткізіледі. Берілген бағдарламаны меңгеру барысында әскери міндеттілер әскери міндеттерін атқару үшін өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру қажет. Жиын аяқталысымен запастағы офицерлер емтихан тапсырады», - деп қысқаша мәлімдеді әскери міндеттілермен жиындардың бастығы полковник Османов Рашид.
Сабақтарды сапалы ұйымдастыру және өткізу, әскери міндеттілердің өмір тұрмысын жақсарту үшін полигонда тәрбие және ақпарат бөлмелері дайындалған, медициналық пункт және ауыз суымен қамтамасыз етілген.
Жиын аяқталысымен запастағы офицерлер әскери-есеп мамандығына және лауазымына сәйкес оқу бағдарламасын игеру бойынша емтихан тапсырады.
Пікір қалдыру