Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық Сауль Альварестен жеңілген қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жектен шеттетті. Бұл туралы Sports.kz жазады.
Атлетикалық комиссия дерегіне сәйкес, Головкин 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін рингке шыға алмайды.
Уақытша шеттету мексикалық боксшыға да қатысты. Алайда оның мерзімі 15 қарашаға дейін белгіленді.
«Боксшылар жекпе-жектен боксшылар қалпына келіп алу керек. Бұл – уақытша шеттету», - делінген Невада таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Айта кетейік, 28 жастағы мексикалық «Канело» Альварес 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді жеңді. GGG кәсіпқой бокста өмірінде алғаш рет жеңілді. Осылайша Головкиннің титулдарының бәрін «Канело» алды. Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген.
Пікір қалдыру