Демографиялық өсім: Ұлттың ұпайы түгенделіп келеді

/uploads/thumbnail/20181009095656734_small.jpg

Өзбекстанның демографиясы күшейіп келеді.  Көрші халықтың саны былтыр тағы да күрт өсіп, 32 миллион 635 мың адамға жеткен. Бір-ақ жылдың ішінде Өзбекстанда халық саны жарты миллионға өскен. Өзбектің демографиялық ахуалы керемет. Бұл, әрине, өзбектер үшін өте қуанарлық жәйт. Демографиялық дүмпудің нәтижесінде ғана бірыңғай ұлттың болмысы қалыптасатыны жасырын емес. Біріншіден, өзбек ұлтының басым болуына орай Өзбекстанда көбінде өзбек тілінде сөйлейді. Ел билігі де бірыңғай ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға барлық жағдайды қарастырып, нақты саясатты ұстанады. Бұл – екі. Қазіргі таңда көрші елде қала тұрғындарының саны 16 млн 533,9 мың адамға жетті (50,6%). Ал ауыл тұрғындары 16 млн 120 мың адам (49,4%). Қалай десек те, Өзбекстан мемлекетінде көпбалалы отбасылардың саны көбейіп келеді. Елдегі мұндай жағдай ең алдымен бір тілдік мемлекеттік саясатты ұстануға көмегін тигізеді. Сол себепті өзбек елінде тілдік мәселе жоқ десе де болады. Ал Қазақстандағы тіл жағдайы қандай? Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікке байланысты ұстанымы бұрыннан да белгілі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының көп тілді меңгеріп, толерантты, білімге құштар, тәуелсіз ұлт болғанын қалайды. Бұл еліміздің 1995 жылы қабылданған конституциясында және мемлекеттік, үкіметтік деңгейіндегі әр түрлі бағдарламаларда және құжаттарда  бар. Қазақстан президентінің жыл сайынғы Жолдауында да бұл әр кез айтылып жүр. Мұхтар Сеңгірбай көптеген бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «әр түрлі саяси конъюнктураны ескеріп, қазақстандықтарға айтқан сөздерінде, документацияда Елбасы ұлттық проблемаға байланысты теңгерімді саясаттың нақты бағытына басымдық жасайтынын» айтады. Соның ішінде Елбасы қазақ тілінде сөйлеудің маңызды екенін жиі айтады. Шынын айту керек, елімізде әлі күнге дейін бірыңғай ұлт қалыптаса қоймады. Дүниежүзінде өмір сүретін екі ұлт бар, сол халықтың ішінде мәдени, сонымен қатар ақпараттық және рухани байланыс әлсіз болып тұр. Сол себепті, үкімет халықты интеграциялаудың шығар тәсілі ретінде біледі, яғни үш тілді бірдей үйрену деп біледі. Мемлекет басшысының Жолдауында «Өзге ұлт өкілі сайлана алады» дегені Қазақстанның азаматы деп есептейтін кез келген азаматтың өмірін осы елмен байланыстыруға итермелейді. Расымен, маңызды орындарға тағайындау кезінде оның ұлтына, сонымен бірге жынысына және тегіне, өзге де ерекшеліктерге қарап шеттеуге болмайды. Қазақстанның мемлекеттік тілі әлі ғылым, технологияның негізгі тілі болып толық қалыптасып бітпеді. Ғылымда қолдану аясы кеңейіп келе жатқандықтан, әр түрлі терминдер енді қолданысқа ене бастады. Сол себепті, терминді жасағанда көптеген мәселелер пайда болуда.  Менің ойымша, мемлекеттік тілдің қолданылуы  барынша кеңіп, толық ғылым, ілімнің тілінде болғанда ғана қажетті терминдерді жүйеленіп келеді. Мұның барлығының өзегі елдің қолында. Менің ойымша, Үкімет жанындағы елдік терминология комиссиясы секілді елдік ұйымдардың көбісі өкілеттілік берілген еді. Комиссия ғалымдармен ақылдасып, терминдерді бір жолға жүйелеп, – дейді маман Мұхтар Сеңгірбай. Шынымен де мақалада өзбек халқының демографиялық дүмпуі  елдік саясатты нәтижелі жүргізуге себепкер екені жайдан-жай айтылмады. Елімізде де 2010-2018 жылдар аралығында демографиялық жағдай жақсарып, қазақтардың басымдығы сезіле бастады. Үкімет үштұғырлы тіл саясатын жүргізіп отырса да, барлығы алдымыздағы он жылда мемлекеттік тілде қолданатындардың саны артып келеді. Қазақстандықтар оны әр сәт сайын анық сезінуде. Қоғамдық жерлерде қазақтардың көп болуы заңды. Бұған Қазақстанда өмір сүретін өзге диаспораның бойы үйреніп, елдің негізгі ұлтын демографиялық басымдығын түсінуде. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мырза:  «Осыдан 27 жыл бұрын егеменді ел атанғанымызда арнайлы орта оқу орындарында оқушылардың 28 пайызы ғана мемлекеттік тілде білім алған. 25 жыл өткеннен кейін ғана ана тілімізде оқитындардың саны 68 пайыз болған. 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 1-ші сыныпқа барған бүлдіршіндердің 89 пайызы қазақ сыныбына барған. Яғни, 11 жылдан кейін түлектердің 89-90 пайызы қазақ тілін қолданыс тілі ретінде пайдаланады деген сөз. Мемлекеттік тілдің жағдайын тек демографиялық ахуал жөндеп жатыр. Қазіргі таңда орыс тілді орта білім ордаларында оқып жүрген 900 мың оқушының 300 мыңы – қазақтар екен. Қазақ тілді орта білім ордаларында білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері 2 пайызды ғана құрап отыр. Елордамыз Астанада түрлі ұлттардың балаларымен салыстырып қарасақ, қазақтар орыс мектептерінде көп екен. Қуантатын бір жәйт бар, яғни ұлттық болмыс қанына сіңген кішкентай топ келешекте өзі секілді ұлтжанды балаларды дүниеге әкеліп,  демографиялық ахуалды жақсартып, мектепке балаларын беріп жатқандығы» деген еді.

Республикалық Kazbilim орталығының директоры Аятжан Ахметжанның жуырда келтірген мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда қазақ тілді мектептердің  білім сапасы жақсарған.

 - Осыдан екі жыл бұрын ҰБТ-дан 125 балл алған 19 түлектің барлығы қазақ тілді сыныбында оқығандар. Қазақстан бойынша жақсы нәтижеге қолжеткізген 10 мектептің 8-і қазақ тілді мектеп ордалары. Біреуі – орыс мектебі болса, енді бірі аралас мектеп. Былтыр 139 балл жинаған Тасан Саят есімді қазақ мектебінің бітірушісі, бір жыл бұрын жоғары нәтиже  – қазақ мектептеріне тиесілі. 2013-2015 жылдары ұлттық бірыңғай тест нәтижесі тұрғысынан қарасақ та, рейтингті байқасақ та қазақ тілді білім ошақтары алда. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша оқушылардың 80 пайыздан астамы қазақ тілді сыныпта оқыса, 16 пайызы дерлік оқушы орыс мектебінде, ал басқа тілдерде оқитын оқушылардың пайыздық көрсеткіші 1 пайызға жетпейді. Былтыр 1-ші классқа барып, мектеп табалдырығын аттағандардың 89 пайызы қазақ сыныбын таңдаған. Қалған 10 пайызы орыс мектебінің табалдырығын аттаған. Яғни, тарихымыз алға жылжып келеді. Тарихты өзгерту ешбір адамның қолынан келмейтіні ақиқат. Мемлекеттік тілдің мерейі үстем болған сайын, қазақ халқының да мерейі үстем болады. Ана тіліміз заңда  ғана емес, күнделікті өмірімізде, қаржы саласында, қолданыста, жүр. Еліміздегі ЖОО-дағы гранттар осыдан төрт жыл бұрын – жарты пайыздан астамы қазақ тобында, ал 35-і – орыс тілді топта оқып жатыр. Осыдан 2, 3 жыл бұрын қазақ топтарының 75 пайызы қазақ тобында оқитын, ал 25 пайызы – орыс тобында оқыды. Былтыр жоғары білім беретін оқу ордаларында білім алу үшін 92 827 түлек ниет еткен, 92 827 түлектің 67 627-і (76,3%) қазақ тілінде және 20 968 –і (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Осы мәліметтерден байқайтынымыз бойынша жоғары оқу орнындағы орыс топтары көп ұзамай жабылып қалатынына көз жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанның жоғары білім беретін оқу орындарында орыс топтарын ағылшын тілді топтары алмастырып жатыр, – дейді Аятжан Ахметжан.

Шынымен де жылда мектепті қазақ сыныбында бітіріп жатқандардың саны да артып келеді. 2018 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға  өтiнiш жасаған түлектердің саны – 102442, бұл мектеп бiтiрушiлердің 70 пайызы. Тестті мектеп оқушыларының 75 пайызы қазақ тiлiнде тапсырса, қалған 25 пайызы орыс тiлiнде тапсыруды қалаған. Яғни, демографиялық дүмпуді болып жатқанын осы жәйттардан-ақ білуге  болады.

Жақында журналист Өміржан Әбдіхалықұлы да тілге байланысты өзінің Facebook  парақшасында өз ойын айтқан болатын.  

«Осыдан 9 жыл бұрынғы санақ бойынша қазақстандықтардың 62 пайызы қазақ тілінде еш қиналмастан оқимыз, жазамыз» десе, «елдің 84,8 пайызы орыс тілін жақсы білеміз» деген. 2009 жылдан бері қазақстандықтардың саны, оның арасында мемлекет құрушы ұлт – қазақтың саны өсіп келеді. Саны жылдан жылға өсіп келеді. Алайда тіл проблемасы сол күйі қалып отыр. Яғни, тіл проблемасы қазақ ұлтының демографиялық мәселеге байланысты емес. Тіл таза – саяси мәселе деген қорытындығы келуге болады. Саяси еріктің, саяси сананың тәуелсіз болу проблемасы. Сол себепті, «ана тіліміз қорланып жатыр» деп жазғаннан пайда жоқ. Бір нәрсені айта бергеннен қазақ тілі тәуелсіздік бола салмайды. «Ең алдымен өзің қазақ тілінде сөйле» деген шығарыпсалма сөз халық санасына сіңіп кетті. Қазіргі кезде барлығы соны айтады. Сондықтан, қазақ тіл проблемасы биліктің торына түскен. Қазақ тілі проблемасын айтқысы келетіндер саяси талап-тілектерін жеткізсін. Өйтпеген жағдайда, «тілім-ай, ана тілім» деп жаза бергеннен ештеңе шықпайды. «Санымыз өссе ана тіліміз өз тұғырында болады» деу бос әурешілік. Орта тап көбейгенше, санымыз миллиардқа жетсе де талап пен оны орындатқызуға күшіміз жетпейді, – деп жазды Өміржан мырза.

Бұл – өмір шындығы. Қосатын ештеңе жоқ. Қатты алаңдайтын жайт, қазіргі таңда жойылып кетіп жатқан тіл көп екені болып тұр. Ал тіл жойылса, ұлт жойылады деген сөз. Тағы бір мысал келтіріп өтейін,  жуырда ЮНЕСКО дүниежүзілік ұйымы жойылудың алдында тұрған тілердің картасын жасап шығарды. Жердегі 6000 тілдің 2,5 мыңы түрлі себептерге байланыста Жер планетасынан мүлде, мәңгілікке жойылып кетудің алдында тұр. Жойылудың алдында тұрған тілдердің 136-сы көрші Ресейдегі аз ұлттардың ана тілдері. Оның арасында дүниежүзілік ұлттардың саны орыс ұлтынан кейін көшбасшы үштікке кірсе де, екінші орынды татар тілі алады екен жойылып кету қаупі жоғары тілдердің арасында. Дүниежүзі халқының жүзден сексен пайызы санына сай 80 тілде сөйлесе, қалған 3,5 мың  ұлттың 0,2 пайызы ғана сөйлейді екен. Жер планетасындағы тілдердің 96 процент халықтың 3 қана пайызы, 97 проценті әлемде бар жалпы барлық тілдердің 4 пайызын қолданады екен. Осы 97 пайыздың тілі мәңгілікке жоғалып кету қаупі бр тілдердің қатарында, яғни жергілікті ұлттардың тілі. Жер планетасындағы жойылғалы тұрған тілдермен қатар жердегі ұлттардың да тоқсан жеті проценті жойылатындығы адамзат үшін орны ойсырап қалатын гуманитарлық апат болып тұрғанын мейлінше түсінуіміз керек. Енді бір кездескен мәліметтерге сәйкес, әлемдегі түрлі ұлттардың ана тілі, адамдар сөйлеп жүрген тілдердің тек 5 проценті ғана қалып, қалғаны жойылады деген күмән да жоқ емес, себебі сондай болжам бар. Осы секілді мәліметтерге назар аударсақ, жылда 25 тіл жер бетінен жойылып кетеді екен, ал ХХI ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басына дейін дүниежүзі тілдерінің 80 пайызы жоғалып кетеді екен. Ал ана тіліміз қазақ тілінің жойылуына ешқандай себеп жоқ. Сол себепті қорқа беруге болмайды. Оның ешқандай қажеті жоқ. Бұл жерде мәселе мынада болып тұр. Ең бірінші қазақ халқының санасы тәуелсіз болуы, рухани тұрғысынан жаңғырғаны абзал. Ең бірінші билік көп нәрсеге жалтақтамағаны абзал. Ол әлеумет, өнер, мәдениет, ұлттық идеология, экономика, тілдік саясатта керемет көрініс табуы керек. Демографиялық дүмпу мен санасындағы рухани жаңғыру арқылы ғана қазақ халқын әлемдік қауіптен құтқаруға болады. Адамды біршама ойландыратын мәселе бар. «Демография мәселесін қарастыратын болсақ, сана сезіміз,  ана тіліміз тұғырына қонады» деген сөздің жаны бар. Қазақ тілі өз тұғырына көтерілген сайын тілдің мерейі үстем бола береді және заңдық, құқықтық мәдени сана сезіміміз жоғарылағанның үстіне жоғарылай беруі тиіс. Кез келген уақытта және кез келген жерде талап қоя білуіміз керек. Дегенмен қазақ тіл үшін талап қойған кезде елдің бәрі Оғыз Доған бола алмайтынын есте сақтауымыз керек. Ол үшін арнайы көшеге бару керек емес. Десек те қазақ тіліне байланысты өзекті мәселеде елемегенсіп жүру кешірілмес мәселе екенін түсінетін уақыт жетті.

Әрине қазақтардың санының азайғанына неше түрлі әлеуметтік, тарихи, саяси себеп салдары бар. Тарихқа көз жүгіртсек, бірнеше зұлмат-зобалаң жылдар басымыздан өткердік. Бұл тұрғыдан алып қарасақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласы ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді», – деген еді. Шынымен де, Кеңес одағы орнаған уақытта қазақтардың демографиялық ахуалы жоғары екендігі тарихтан белгілі. Сол кезде қазақ ұлты Орталық Азияда басқа ұлттардың ішінде саны жағынан алып қарасақ көп еді. Атақты демограф, марқұм Мақаш Тәтімов зерттеген мәліметтерге сай, аштықтың әсері болу керек қазақ халқы саны жағынан жартысына жуығынан айырылған.

Аштыққа ұшыраған халықтың көбі мерт болды. Енді бір бөлігі көрші елдерге қашып кетті, босқын болды. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Қытай халық республикасы мен Моңғолияға қарай асып кетті. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанның халқының бір бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Иранға көшті. Жамбыл облысының тұрғындары Қырғызстанға кетсе, Маңғыстаулықтар Түркіменстан және Өзбекстанға ауды.

Сонымен бірге, 1941-1945 жылдары болған екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350-400 мыңы соғыста қазақ тапты. Демографтың пікірінше, егер осындай зұламат соғыс, аштық болмаған жағдайда, қазақ ұлтының саны осы уақытқа дейін 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Дегенмен, шүкіршілік айту керек. Қазіргі таңда қазақ ұлтының саны күн сайын өсіп келеді.

Атақты ғалым Мекемтас Мырзахметовтың «Жалын» журналында жарияланған «Халық санағы: өсу мен өшу» атты жазбасында көптеген деректер жазған, «Қазақстан тарихына көз жүгіртсек, 1897 мен 2009 жылдар арасында 11 мәрте халық санағы өткізілген. Оның бастапқыда екеуі (1897, 1911 ж.) патшалы Ресей кезінде, бодандық уақытында Ресей империясының мүддесі ғана қарастырылған. 1897 және 1911 жылдары қазақ ұлты арасында Ресей өткізген халық санағында әр жанұяда 5 адам болады дегенді негізге алып отырған. Алайда 1897 жыл жүргізілген халық санағында қазақ халқы жайлаған ұлан-байтақ жерлер тұтас қамтылмады. Әрине, шекараның арғы жағындағы Қытай, Моңғолияда тұратын қазақтар есепке алынбаған. Осының өзінде Ресей Федерациясы қазақтарының саны – 3 млн 787 адам деп жазылса да, 1911 жылғы санақта – 4 млн 692 қазақ болған. Он бес жылда қазақтардың саны 905 000 адамға артқан.

1916 жылы 6 миллион болған қазақ ұлты өсіп, өнудің орнына 1940 жылы 1 млн 900 мың адам мерт болды, 3 есеге азайып кеткен. Мұндай уақытта  көрші елдер Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан мен ұйғырлар 5 есеге көбейген, ал өзбектердің 12 есеге дейін артып, өрлеп отырған. Бұл ұлттардың барлығы бір саяси жүйе мен бір ел ішінде өмір сүріп келеді. Дегенмен қазақ халқы Қазақстаннан ерекше өсудің орнына халық саны азайып кеткен, құлдырап кеткен».

Алайда соңғы он жылда қазақ халқының өсімі артуда. Мемлекет президенті жыл сайынғы Қазақстан халыққа арнаған Жолдауында 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу туралы айтылған еді.

«Тіліміз бен мәдениетімізден айырылып қала жаздадық, әбден қаймығып қалғанбыз, сол қорқыныш пен үрей бар. Әсіресе, үлкен буында. Қазір қазақ тіліне қарсы шығатын Қазақстанда бір адам жоқ. Сол себепті ең басты проблема - қазақтарда. Соны қолға алып,  ана тілімізді жетілдіру керек. Мәселен, «Мемлекет президенті барлық жерде қазақша сөйлемесе,  болмайды» деген еді. Кейбірінің айтатынын жақсы білемін. Қазақстанда 100 ұлт пен ұлыс бар, олар Елбасының айтқанын түсінбесе қалай болады? Сол себепті екі есе көп еңбек ететін адаммын. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де. Ресей Федерациясының президенті тек өз тілінде, ағылшынша да, түрікше де емес, өз ана тілінде сөйлейді, мен амалсыз екі тілде сөйлеп отырған адаммын. Мұндай жағдай әрқашан солай бола бермейді, қазіргі кездің өзінде қазақтардың саны 70 пайызға жетіп қалды. Мен айтқанымдай, 2025 жылға дейін дайындаған, қазақтың тілін бүкіл салаға енгізу үшін еңбек етеміз. Өз арамызда, Қазақстанда, мемлекеттік басқару органдары және өзге салаларда барлығы өз ана  тілімізде жүргізіледі, Алла бұйыртса. Дегенмен асығыстық жасауға болмайды. Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық, бір-біріне деген сенімнің болуы, осының барлығының құқығын қамтамасыз етілуі, дін, діл, өнер, мәдениет, тіл тұрғысынан ешбір адам шектелмейді. Әр адам өз білгенімен, өз мәдениетімен және өз ана тілімен өмір сүргені абзал. Бұл қалыпты жағдай, –  деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сол себепті Елбасы айтқандай, барлық үміт – алда. Болашағымызға кемел көзқараспен қарауымыз қажет. Алайда алдағы 12 жылда қазақтың демографиялық ахуалы қалай болады? 20 миллионға халық саны жете ме? Бұл ұлт алдындағы өте өзекті проблема. Бұл тұрғысынан мамандар не дейді соған құлақ асып көрелік. Кейбір сарапшылардың болжамына сай, жақын арада қалада тұратын қазақтардың саны артады. Қуанарлық жағдай.

«Сарапшылар келтірген болжам бойынша нақты жағдайларға байланысты жасалынады. Біздің 2031 жылға қарай болжамымыз қажетті жәйттерді ескере отырып, іске асады. Ең алдымен, соңғы 15 жылда Қазақстандағы елдің өсу қарқыны жаман емес. Қазақстандық халықтың жылдық өсімі орташа есеппен алсақ, 1,2 пайыз болды. Оған еліміздегі жалпы халықтың табиғи өсімі әсер етті. Бұл дегеніміз 2001 жылмен салыстырып көрсек, соңғы уақыттары 3 есеге дейін санымыз артуы болады. Екінші мәселе, Қазақстан өңірлеріндегі тұрғындар санының өсу қарқыны әр өңірде әр қилы. Мәселен, Астана басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары өсімді көрсетіп отыр. Маңғыстауда да жақсы өзгерістер бар. Астана мен Маңғыстауда 15 жылда тұрғындардың саны 2 еседен де жақсы нәтижені көрсетіп отыр», – дейді Жұмыспен қамту саласындағы ұлттық сарапшы Жақсыбек Күлекеев.

Сонымен бірге, ол еліміздің оңтүстік жақтарында да халықтық өсу көрсеткіші көңіл көншітетінін айта кету керек.

«Барлық себеп салдарды ескеріп, 2030 жылы қазақстандықтардың саны 20 млн 560 мыңға жетуі әбден мүмкін. Бұл жағынан Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында осы кезеңдерде де халық санының азаюы жалғаса беретінін көріп келеміз. Шымкент, Астанада 2030 жылға дейін қала  тұрғындарының қарқынды өседі. Маңғыстау мен Атырау өңірлерінде де тұрғындардың саны артады, жоғары деңгейде болатын болады. Қазақстанның кейбір аймақтарында, оның ішінде Ресей Федерациясымен  шекаралас өңірлерде тұрғындардың өсуі ойдағыдай емес. Бұл әсіресе Солтүстік Қазақстан облысына тән болып отырғанын айта кету керек, - деді алдағы 12 жылда болжам жасаған сарапшы Жақсыбек Күлекеев.

Шынымен де егер осы қарқынмен өсе беретін болсақ, ел Президенті айтқанды алдымыздағы 2, 3 жылда орындауымыз тиіс. Ол межеге жету үшін жағдайымыз жақсара түсіп, тұрмыстық әл-ауқатымыз түзеліп, жас адамдардың арасында ажырасу жағдайлары барынша азайып, ал еліміздің болашағы, яғни сәбилеріміздің саны өсу керек.

Әрине, демографиялық өсім өз бетінше орындалмайды. Бір айта кететін жағдай, еліміз ішкі миграциялық жағдайларды түзеп, жөндеп отыр. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында тұрғындардың саны күрт өсуіне байланысты оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке көшіру мәселесі де қарастырылып, жүзеге асып жатыр. Бірінші жағдай, солтүстік жақтан адамдар жақсы жұмыс орны табылса, одан кейін ғана оның саяси мәні де бар болады.

«Қазіргі таңда мамандар оңтүстік аймақ халқы 2050 жылы 5 миллионға жетеді деп отыр. Осыған орай үкіметтегілер қазақстандық азаматтарды солтүстікке қоныстануға ынталы ету үшін түрлі іс-шаралар жасап жатыр. Олар Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының аясында іске асады, –деді Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Осыған орай үкімет қазіргі таңдағы еңбек ресурстары аз аймақтарды айқындауда. Атап өтер болсақ  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай. 

«Егер өз азаматтарымыз осы аудандарға қоныс аударып жатқан жағдайда, Жұмыспен қамту жол картасы аясында, оларды нақты әлеуметтік пакеттер қарастырылмақ. Ең алдымен, олардың өздеріне таңсық жерге көшкеніне орай отағасына 50 АЕК көлемінде, жанұяның әр мүшесіне 35 АЕК есебінде жол шығыны өтеледі. Қаржылық жағдайды ескеріп, санақ жүргізсек  отбасына 106 мың теңге, ал отбасының әрбір мүшесіне 74 мың теңге келеді. Отбасы бес адамнан тұратын болса, отағасы, отанасы, үш бала болса, оларға қоныс аударуға орташа есеппен 402 мың теңге мемлекеттік көмек беріледі, –дейді Нұрымбетов.

Сонымен бірге, қоныс аударған отбасы үйді жалдап, жатақханадағы бөлмеге орналастырылады. Сонымен қатар, керекті болған жағдайда шағын шаруашылығын дамытуға кредит беріледі. Бұл дегеніміз қоныс аударған отбасылар жол картасының арқасында 5 миллион теңгеге дейін микронесие ала алады.

«Алғашқы алты айда 672 адам, яғни 320 отбасы басқа аймақтарда жұмысқа орналасу үшін көшкен. Ол адамдардың 424-і еңбекке жарамды адамдар. Сонымен бірге, олардың жартысынан көбі немесе 320-ы жұмысқа орналастырылды. Оларға үй беріліп, жол шығыны өтеледі, – дейді вице-министр  Нұрымбетов.

Яғни, Қазақстан Президенті тапсырмасымен қазіргі таңда демографиялық өсімге жағдай жасалып, миграциялық мәселелер реттеліп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар