Жаңадан отау құрдыңыз, алайда пәтеріңіз жоқ па? «Нұр Отан» сізге көмектеседі

/uploads/thumbnail/20180911142518759_small.jpg

Жаңадан отау құрдыңыз ба? Жарыңыз екеуіңіз қазақстандықсыздар ма? Ең бастысы жеке баспаналарыңыз жоқ па? Онда халық үшін жұмыс істеп отырған «Нұр Отан» партиясы сіздер үшін таптырмас мүмкіндік сыйламақ. Бүгінде партия жас отбасылардың баспаналы болуына көмектеспек ниетте. Бұл туралы партияның Солтүстік Қазақстан филиалының есеп беру конференциясында жуырда ғана сайланған хатшы Илья Теренченко мәлімдеген еді. Жалпы Елбасының тапсырмалары, Жолдауында айтылған хабарламаларының жүзеге асырылуы «Нұр Отанның» қатаң бақылауында. Бұл жолы партия «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» секілді мемлекеттік бағдарламалардың белсенді түрде орындалуын бақылауға алды.

Бұдан бөлек, конференция барысында партияның алдағы жоспарларын жүзеге асыру жайында сөз қозғалды, жобаларға да тоқталып өтті. Мәселен, биыл Солтүстік Қазақстан облысында интерактивті құрылғылар, робототехникаға арналған бұйымдармен қамтамасыз етілген 11 IT-сынып ашылды. Жыл соңына дейін тағы 4 IT-сынып пен 2 IT-орталық ашылады деп жоспарланып отыр.

Илья Теренченконың айтуынша, жалпы Қазақстанда 24-ке жуық IT орталық жұмыс істеп тұр. Онда жұмыссыз әрі өзін-өзін өзі қамтамасыз ететін мыңға жуық жас еңбек етеді. Ал «Нұр Отан» партиясы оларға қашан да қолдау көрсетуге дайын.

Бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Елбасы Жолдауының жүзеге асуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеген.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бірқатар тапсырма берген еді. Бүгінде оларды жүзеге асыру жолында түрлі жұмыстар атқарлыпы жатыр. Осы мақсатта Әшімбаев өңір-өңірді аралап, президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысын тексеруді қолға алған.

Қатысты Мақалалар