Алматы қаласы бойынша гидрометеорологиялық бақылау

/uploads/thumbnail/20181210170000666_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Казгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиал директоры Саиров Серік Бияхметұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Филиалдың қызмет саласына 20 метеорологиялық станция кіреді: Алматы БГМС (біріккен гидрометеорологиялық станция), Каменское плато, Ақсеңгір, Айдарлы, Бақанас, Есік, Жалаңаш, Қапшағай, Кеген, Құйған, Қырғызсай, Нарынқол, Ұзынағаш, Шелек және ЖҚС (жетуі қиын станция) Ауыл-4, Ассы, Қарашоқы, Мыңжылқы, ҚКС (қар көшкін станциясы ) - Шымбұлақ, Үлкен Алматы көлі.

Олардың 13-іне агрометеорологиялық бақылаулар жүргізіледі, және 14-інде АМС (автоматты метеорологиялық станциялар) орнатылған.

Қар және көшкін бақылауы және көшкіндердің қауіптілігі туралы ақпарат Алатау және Жусалы - Кезең туристік базасында жүргізіледі.

«Қазгидромет»     РМК  Алматы қаласы бойынша филиалында жоспар бойынша орындалып отыратын, өндіріс жоспарын бақылау мен ақпаратты жеткізу жоспары бар.

2018 жылдың қаңтар - қазан айларындағы болжамдардың ақталуы  пайызбен есептегенде:

Алматы қаласы бойынша - 93%

облыс бойынша - 94%

Дауыл ескертулері болжамдардың ақталуы  пайызбен есептегенде:

ТГҚ / АРЖӨ облыс бойынша - 100%

Облыс бойынша ОП - 93%

Гидрология бөлімшесі су деңгейін өлшеу (99,5 %), су шығынын өлшеу (98%), сондай-ақ  мұздың қалыңдығын және қардың биіктігін (96 %) өлшеу үшін қар түсірілімі жұмыстарын жүргізеді (81,3%).

Көктемгі - жаз мезгілінде аралық сулар, шағылған мұз, жағалаудағы мұз үйінділеріне т.б. мұз құбылыстарына бақылау жүргізілді.

Суық кезеңде өзендерде мұздың тұрақсыздығына байланысты 24 гидрологиялық бекетте судың температурасына бақылау жүргізілді, және де 29 бекетте қосымша мұз жағдайын бақылау жүргізілді.

Көктемгі - жаз мезгілінде су тасқыны кезінде 250 рет су шығыны өлшенді. Өлшемдер бойынша бұл кезеңде судың ең жоғарғы деңгейі 95,8% құрады.

Су тасқыны болған кезде, өзен сағасынан 2 шақырым жоғары - Үлкен Алматы өзені гидрологиялық бекетінде аспалы көпір істен шығып, Талғар өзені бойынша шайылған рейка қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылдың 10 ай ішінде суды өлшеу аспаптарын нивелирлеу, судың ағынын өлшеу үшін 24 шұғыл сапар болды.

 «Реки-режим» бағдарламасы бойынша 35 су бекеті бойынша және Қапшағай су қоймасы - Қарашоқы ГБ, Қапшағай су қоймасы - Қапшағай, Үлкен Алматы көлі – солтүстік жағалау көліне қолдан жылнамалар жасалынады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар