Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында BI груп» құрылыс компаниясының басшысы Мұқатаев Айдос Оразұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Холдинг тұрғын үй құрылысы нарығында 23 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда оның ұжымы – жалпы идея мен корпоративтік мәдениетпен біріктірілген 7000-нан астам жоғары білікті қызметкерлер. BI Group құрылыс және инновация саласындағы үздік әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бизнесті жүргізудің этикалық принциптерін ұстанады.
Осы саладағы жетекші позициялардың бірі:
Өңірлік және транс-ұлттық маңызы бар жолдар төсеу, өнеркәсіптік және мұнай-газ объектілерін салу, құрылыс материалдарын өндіру.
BI Group бүгін – құрылыстың, девелопмент пен инжинирингтің әр түрлі салаларында жұмыс жасайтын дивизиондар мен дирекциялардан тұратын көп салалы холдинг.
4 500 000 м2 (35 000 пәтер) тұрғын үй кешені, коттедж қалашықтары, коммерциялық жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілер, жүздеген шақырым автожолдар, 700 км темір жол инфрақұрылымы, 1700 км автожолдар салынды.
BI Group холдингі мақсаты – әлемнің жетекші 100 құрылыс компаниясының қатарына кіру.
BI Group компаниясы тоқсан сайын пәтер, коттедждер және коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері үшін клиенттер форумын ұйымдастырады.
Клиенттер форумы - Қазақстанның құрылыс нарығындағы бірегей формат, мұнда сервистік басқару және құрылыс сапасы бойынша мәселелер шешіледі. BI Group үйінің тұрғындары, өз кезегінде, клиенттердің ескертулері бойынша жедел кері байланыс ала отырып, күрделі және ыңғайсыз тақырыптардан аулақ болмайтын, тікелей акционерлерден және компания басшылығынан толғандыратын сұрақтарға жауап алады. Талқылауды қамтитын кездесу форматы топ-менеджментке сұрақтар қоюға мүмкіндік береді, бұл, әрине, құрылыс салушы мен клиенттер арасындағы сенімді қарым-қатынас үшін негіз болып табылады. 2017 жылы Асыл Тау 2,3-кезегінің клиенттері үшін 1 форум өткізілді. Тапсырылған тұрғын үй кешендерінің саны өскендіктен, алдағы уақытта форумды жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырмыз.
Алматыдағы BI University
Холдингтің басты капиталы - жоғары білікті командасы болмаса, жобаларды іске асыру мүмкін емес. 2012 жылдың қыркүйегінде BI Group корпоративтік университетті ашты, оның мақсаты холдинг ішінде құзыреттілікті дамыту болып табылады. MBA және Pre-MBA бағдарламалары күшейтілген оқу орны басты қызметкерлерге жетекші отандық және шетелдік бизнес-мамандардан білім алуға мүмкіндік береді. Университеттің жыл сайынғы түлектері 500-ге жуық тыңдаушыны құрайды: сандық әсерлі, алайда егер холдингтің жеті мыңдық құрамын есепке алғанда, толық негізделген. BI Group өз мамандарының біліміне дивидендтерді дұрыс салумен инновациялық технологияларды табысты үйлестіре отырып, тұрақты дамуда. 2016 жылы компания BI Group серіктестері мен мердігерлері үшін өз білім алаңын ұсына отырып, алға қадам жасады. Компания инженерлері IPMA Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті. 2017 жылы Алматы қаласында университет филиалы ашылды.
Пікір қалдыру