Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында - "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Телтаев Бағдат Бұрханбайұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Бағдат Бұрханбайұлының сөзіне сүйенсек, институт ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстармен айналысу үшін Ғылым және білім Министрлігі тарапынан аккредитацияланған. Сынақ зертханасы техникалық құзыреттілікке Мемстандартпен аккредитацияланған. Институт сапа менеджменті сәйкестігінің сертификатына ие. Институт базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитеті ТК-42 «Автомобиль жолдары» құрылып, жұмыс атқаруда.
Институттың соңғы жылдардағы негізгі қызмет бағыттары:
- автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру;
- жолдар мен көпір құрылыстарының техникалық деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді болуы мен үнемділігіне және қозғалыстың қауыпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- инновациялық технологиялар мен материалдарға байқау жүргізу, енгізу және оларды кең ауқымда пайдалану үшін нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеу;
- инновациялық шешімдерді енгізуде ғылыми-техникалық ілеспе жұмыстар;
- жолдар мен көпір құрылыстарын диагностикалау, жолдар мен көпірлерді басқару жүйесін әзірлеу;
- қаржыландыру нормативтерін, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарының нормалары мен бағаларын негіздеу;
- жолдар мен көпір құрылыстарының құрылысы мен қайта құрылымына, күрделі жөндеу жұмыстарына жаңа техникалық шешімдерді қолдану арқылы жоба-сметалық құжаттама әзірлеу;
- материалдар мен жұмыстар сапасының тәуелсіз сараптамасын жасау;
- жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
- ақпараттық қамтамасыз ету.
Пікір қалдыру