Алматыда 125 мұғалімді даярлықтан өткізу жоспары белгіленді

/uploads/thumbnail/20181210172241761_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Садвакасова Раиса Аждаровнаның  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

2018 жылы қысқа мерзімді курстарға төмендегі бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс алынды: Букварь және Әліппені оқыту әдістемесі бойынша мектепалды сыныптарының педагогтері үшін курста – 125 мұғалімді даярлықтан өткізу жоспары белгіленді. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша пәндік курстар: математика, физика, химия, биология, «Өлкетану» пәндері бойынша 125 адам қамтылды. Жаңарту тек білім беру мазмұнына ғана емес, курс сабақтарын өткізу форматына да елеулі өзгерістер әкелді. Атап айтар болсақ: дәстүрлі лекция, шебер-сынып, пікірсайыстармен қатар тренинг, тәжірибеге-бағдарланған семинарлар, көшпелі тәжірибелік сабақтар. Курс кезінде және курсаралық, курстан кейінгі кезеңде кері байланыстың әртүрлі формалары кеңінен қолданылады. Институтта Мария Монтессори әдістерін зерделеу бойынша кафедралық жұмыстар, мектепалды даярлық тобындағы балалардың метакогнитивтік дағдыларын дамытуда ертегітерапиясының элементтерін пайдалану тәжірибесі,«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын енгізу (өлкетану, робототехника, SMARТ-оқыту) курстар, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, латын әліпбиіне көшу мәселелерінің тиімді шешімін қарастыру, инклюзивті білім беру міндеттерін жүзеге асыру, үш тілді білім беру жағдайында CLIL әдістемесі арқылы оқытылатын тілде пәндерді жүргізу. Жалпы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері үшін STEM оқыту иедеяларын енгізу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Атқарылатыны бұдан да көп.

Халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен ғылыми әдістемелік семинарларда сапасы анықталған, байқаудан өткен материалдар негізінде жоғарыда айтылған бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы әзірленуде.

2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми 40 (қырық) идеялары конференцияда байқаудан өтті, оның 7-і халықаралық деңгейде, 2-і республикалық деңгейде болды. Сонымен қатар, басым бағыттар бойынша білім беру ұйымдарымен бірлесіп, 9 ғылыми жоба жүзеге асырылды. Қазір оның 3-і нақты нәтижеге ие:

     - көптілді білім беру жобасы бойынша ағылшын тілін меңгерген (бұл туралы жоғарыда айтылды) пәндік-коучтар тобы дайындалды;

- «Робо-арба» жобасы;

- ертегі терапиясы. 2018 жылдың 27 шілдесінде білім берудегі инновациялар бойынша Торонто қаласында өткен үшінші халықаралық конференция жинағына мектепке дейінгі жастағы балалардың метакогнитивті дағдыларын дамытуда ертегітерапиясының элементтерін пайдалануды зерттеу тәжірибесінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу жұмысы жалғасуда, өзіміз күткен нәтижеге жетеміз деген үміттеміз. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде дүниежүзі тарихы пәнін орыс тілінде, орыс тілінде оқытатын мектептерде Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде өткізу үшін CLIL әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Осы жерде шетелдік әріптестеріміздің қолдауын атап өткім келеді. Әсіресе, көптілді білім беру бойынша жобаларды жүзеге асыруда АҚШ елшілігі, Британдық Кеңес, ЕҚЫҰ және Француз Альянсымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келеміз.

Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты АҚШ елшілігінің бағдарламасымен RELO конкурсына қатысып, грантты жеңіп алды және қазіргі уақытта тіл маманы Ванда Симпсон институт базасында оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ағылшын тілі мұғалімдері үшін аптасына екі рет және ағылшын тілінде сабақ жүргізетін пән мұғалімдеріне бөлек дәріс беріп жүр.

Институтта мұғалімдерге курстан кейін қолдау көрсету мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол – бірлесіп конференция, семинарлар өткізу, педагогті қызықтыратын тақырыпқа әдістемелік оқу құралын әзірлеу және ғылыми мақалалар жазу, жоба жұмыстарын талқылау.

Институтта білім беру ұйымдарының басшыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен кері байланыс жасауға мүмкіндік беретін,курстардың ұйымдастырылу сапасына, білім беру қызметіне, курстың ресурстық қамтамасыз етілу сапасына, сараптама жасап, дер кезінде түзетулер енгізіп, білім беру қызметінің сапасын арттыруға ықпал жасайтын бірегей мониторинг жүйесі қызмет атқарады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар