Алатау ауданының салық түсімдері 10 жылда 6,5 мллиард теңгеден 28 миллиард теңгеден асты

/uploads/thumbnail/20181210172629015_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында - Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Алатау ауданының салық түсімдері 10 жылда 6,5 мллиард теңгеден 28 миллиард теңгеден асты.

Республикалық бюджет 3,7 млрд. теңгеден 16,1 млрд.теңгеге, ал жергілікті бюджет 2,8 млрд. теңгеден 11,8 млрд. теңгеге жетті.

Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 6 ірі-орта өнеркәсіптер, 4761 заңды тұлға және 21 206 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

10 жылда ауданның өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 2,5 миллиардтан 74 млрд.  теңгеге жетті, өнеркәсіп саласындағы өнімнің көлемі 103,7 % құрады.

Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласының қарқынды даму жолында екендігін көрсетеді.Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 59 миллиардқа жетіп, жұмысшылардың орташа еңбекақысы 136 000 теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы 889 млн. теңгеден 849 млрд. теңгеге жетіп, көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 601 млрд. теңгеге өсті.

Сонымен қатар, «Алматы қаласында сауда базарларын жаңғырту» бағдарламасы аясында аудандағы «Алатау-2», «Ақбұлақ» сауда орталықтарының 1-2 блоктары, «Саяхат», «Евразия» заманауи сауда орталықтары салынып, қазіргі таңда «Алатау-2», «Ақбұлақ» сауда орталықтарының 3-4 блоктарының құрылысы жүруде.

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 490 гектар жер аумағын құрайтын Индустриалды аймақтың құрылысы жүруде. Аталған аймақта тағам, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия, көлік жасау, құрылыс өнеркәсіптері анықталған.

Кәсіпорындардың жұмысы үшін ең алдымен инженерлік жүйелерді салу жұмыстары жүргізілді: 22,3 шақырым жол, 7,7 шақырым темір-жол, 27,8 шақырым су, 16,7 шақырым кәріз құбырлары, 4,65 шақырым электр желілері және 17,7 шақырым газ құбырлары тартылды.

Қазіргі таңда, Индустриялды аумақта 5 жоба іске қосылды. Олар:                «БРБ АПК»-жылыжайы, «Alma Pack» ЖШС – қағаз пакеттерін өндіріретін зауыт, «DOC Co.LTD» ЖШС-кеңсе техникасына арналған картриждерді шығаратын зауыт, «КМК Investment» ЖШС – кабельді-сым өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысы,«Tokyo Rope Almaty» ЖШС – металл габион торын жасайтын зауыты.

Келесі жылы қосымша 8 кәсіпорынның ашылуы жоспарлануда. Олар:

1."КСМ ТехнОВИД" ЖШС – Энергия үнемдейтін архитектуралық қасбеттер зауыты.

2."Hardstone" ЖШС –Табиғи тастардарды қайта өңдеу зауытын көшіру.

3.«KazTigerTape» ЖШС – Жабысқақ таспа мен созылған пленка өңдіретін зауыты.

4."Asia Steel Pipe Corporation" ЖШС – Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт.

5."Г.С.Г. Высотник" ЖШС – Автоклавты газдалған бетон өндірісі зауыты.

6."Алмерек" ЖШС – Медициналық мақсаттағы бұйымдарды бір рет қолдануға арналған зауыт.

  1. "ASSET" ЖШС – Полимерлік өнімдерді шығаратын зауыт.
  2. "Group NAK 8" ЖШС – Мұздатылған қамырды өндіру зауыты.

Алатау ауданында 37 376 жеке және 537 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан.

Сондай-ақ, 3 жол айрығы, 18 аспалы жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер салынды.

10 жылда аудан аумағында «Ақбұлақ», «Алғабас-6», «Саялы» ықшамаудандары мен «Ақкент», «Нұркент», «Атлетикалық ауыл» тұрғын үй кешендері бой көтерді. Бүгінгі таңда 372 үй салынды, жалпы көлемі 2,3 млн. шаршы метрді құрайды, яғни қала бойынша тұрғызылып жатқан үйлердің 1/5 бөлігі Алатау ауданына тиесілі, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 30 есеге ұлғайды. Бүгінгі күні ауданда 12 519 пәтерден тұратын 740 562 шаршы метрді құрайтын 223 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

2017 жылы жеке инвестиция есебінен 11 көпқабатты үйлердің қаспеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы 20 көпқабатты үйлердің қаспеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Алматы қаласының аулаларын көріктендіру» бағдарламасы аясында 2012 жылы 42 аула, 2016 жылы 8 аула, 2017 жылы 15,              2018 жылы 20 аулада көріктендіру жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға тағы 10 аулаға көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.

Дат архитекторы Ян Гейлдің тұжырымдамасы аясында Б.Момышұлы көшесінің бойы Райымбек даңғылынан бастап «Алматы Арена» спорт кешеніне дейінгі аралықта веложол, балалар ойын алаңдары, футбол және баскетболдан шағын спорт алаңдары, жаттығу құралдары орнатылды.

Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылының бойы Саин көшесі мен Шәріпов көшесінің аралығында 4400 метр поребрика, 350 метр бордюр, 550 шаршы метр тротуар, 180 шаршы метр кеспе тас, 2 балалар ойын алаңдары,              1 футбол және 1 баскетбол алаңдары салынды.

«Алғабас-6» ықшамауданындағы Ақын Сара көшесінде                        3200 поребрика, 150 метр бордюр, 2950 метр асфальт және велосипед жолы, 3 воркаут алаңдары, 2 балалар ойын алаңдары мен 2 мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған алаңдар салынды.

«Саялы» ықшамауданындағы саябақта 2550 метр поребрика,               3195 метр асфальт, 75 көше жарық бағаналары, 2 балалар ойын алаңдары мен 8 дана алтыбақан орнатылды.

Аудан аумағында орналасқан 4 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне 43 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі танда ағымдағы жөндеу жұмыстарының толығымен аякталды. Жерасты өткелінің шатыры поликарбонат материалымен жабылып, өткелдің ішіне евро стандартты төсемелер және тактильді тақтайшалар орнатылды, өткелдің жер астымен өтетін бөлігінің төбесіне софит және антивандалдық жарықтандыру шамдары қойылды. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесі және өткелдерде әуен ойнатып тұратын музыкалық құрылғылар орнатылды.

Қазіргі уақытта ауданның 45 көшесіне көше жарық желілері тартылуда. Қазіргі таңда жоспарланған 581 светодиод шамдарының 350-і қойылып, 19 шақырымды құрайтын сымдардың 14 шақырымы ауыстырылды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы 15 көшеде 730 жарық беру бағаналарын қою жоспарланған. Қазіргі таңда Ф. Оңғарсынова (Ақсай) көшесіңде 149 бағана, Өтемісұлы көшесінде 49 бағана, Центральная (Трудовик) көшесінде 54 бағана орнатылды.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін 2016 жылы ұзындығы 1709 метрді құрайтын ауданның 10 көшесіне арық жүйелерін жөндеу жүргізілді. 2015 жылы «Қарғалы» өзенінен «Алғабас» ықшамауданындағы 11 көшені, 135 жеке үйлерді және «Теплоэнергетик», «Энергостроитель» саяжайларында 9 жеке үйлерді су басуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтсақ, «Алғабас» ықшамауданына 597 млн. 341 мың теңге бөлініп, 5120 метр арық лотоктары, 2645 метр дренаж жүйесі, жеке үйлерге кіретін 194 жеке тұрғын үйлерге кіру жолдары, 25 244 шаршы метрді құрайтын 5604 метр асфальт төселді.

Сондай-ақ, 3096 метр өзен арнасы күшейтілді, 4150 метр темір қоршаулар, 25 өтпелі көпір, 310 метр арық жүйелері салынды.

Сонымен қатар, су басып қалу қауіпінің алдын-алуы мақсатында, «Құрылысшы», «Қарасу», «АЗТМ-Алғабас», «13-аумақ», «Заря Восток» ықшамаудандарында 1 млрд. 310 млн. теңгеге 5299 метр арық лотоктары, 2741 метр пластикалық құбыр, 32 желілік құдықтар және 4447 шаршы метр асфальт салынды.

2019 жылы тиісті қаражат бөлу мақсатында келесідей жұмыстарға тапсырыстар берілді. Олар:

  1. 144 млн. теңгеге Рысқұлов даңғылының бойы Момышұлы мен Шәріпов көшелерінің аралығында және Солтүстік айналым көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер алаңын көріктендіру;
  2. 124 млн. теңгеге ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын 13 көшеге арық жүйелерін жөндеу;
  3. 23 млн. теңгеге 18 жерүсті жаяу жүргіншілер көпірлеріне күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындау;
  4. 556 млн. теңгеге ұзындығы 48,6 шақырымды құрайтын «Айгерім-2», «Дархан-Байбесік», «Заря Восток», «Шаңырақ-1,2», «Өжет», «Трудовик» ықшамаудандарына көше жарығын салу;
  5. Ұзындығы 147 шақырымды құрайтын ауданның 143 көшесіне арық салуға жобалық сметалық құжаттама дайындауға тапсырыс берілді;

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар