Аралас жекпе-жек спортшысы Хабиб Нұрмағамедовтың менеджері Азиз америкалық боксер кіші Флойд Мейвезердің Хабибпен жекпе-жек ұйымдастыруын өтініп сұрағанын айтты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі TMZ сайтына сілтеме жасап.
«Біз бір ай бойы бір-бірімізге хабарлама жіберіп сөйлесіп жүрміз. Ол Хабибпен жекпе-жек ұйымдастыруды өтініп сұрап отыр. Егер ол мұны теріске шығаратын болса, мен оның жазған хабарламаларын жариялаймын», - дейді Абдель Азиз.
Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов 2018 жылдың 6 қазанында АҚШ-та ирландық спортшы Конор МакГрегорды жеңіп, өзінің UFC белбеуін қорғап қалды. Хабиб Нұрмағамедов осы уақытқа дейін 27 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Ал Мейвезер болса 50 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Пікір қалдыру