Қазақтың жыл санауы 22 наурыздан басталады десек те. жыл сайынғы 31 желтоқсанды мерекелеу үрдіске айналып кеткен. Күні бүгін келіп жеткен доңыз жылын халық әдеттегідей қуанышпен қарсы алды. Отбасылық дастархан, мерекелік құттықтаулар мен сыйлықтар және ең бастысы – сағат дәл 00:00-ді көрсеткенде Елбасы Қазақстан халқын құттықтады.
Осыдан екі жыл бұрын сайтымызда «Жаңа жылды Елбасымыз қазағымның қымызымен құттықтаса екен!» деген мақала жарық көрген болатын. Иә, бұл тек бір ғана адамның емес, барша халықтың тілегі болды.
Әлем бойынша тойланатын бұл мерекені ел болып күтеміз, отбасымызбен жиналып, жылдағы дәстүр бойынша теледидардың алдына жиналып, Елбасының құттықтауын тыңдаймыз. Алайда, биылғы құттықтау бұрынғыдан өзгерек болды. Елбасымыз жылда қолына ұстап шығатын аққайнар толы бокалы биыл көрінген жоқ.
Қымыз ұстап шықпаса да, алкогольсіз шыққан Елбасының бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары құптап, келіп жеткен доңыз жылы жақсы жаңалықтарға толы болады деп жорамалдап отыр.
Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра, біз де еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз!
Пікір қалдыру