Марқұмның соңғы жазбасы...

/uploads/thumbnail/20190103121728184_small.jpg

Алматыда Абай-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған ірі жол апатының үшінші құрбаны  Көкшетауда дүниеге келген, Астана қаласының тұрғыны, екі баланың анасы, GuDi Group" ЖШС тапсырыспен тамақ таситын компанияның атқарушы директоры болып қызмет атқарған Динара Қанатқызы Хамитова екені белгілі болған еді. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұмның отбасына қайғыра көңіл айта отырып, Динара жайлы ақпарат беруге тырысқан еді. 

♦Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған үшінші адам кім?

Мұндағы мақсат – кінәлі жазадан құтылып кетпесін деген ниет-оймен оқырман назарына жан-жақты ақпарат беріп отыру. Белгілі болғандай марқұмның артында күйеуі, бір ұлы мен бір қызы қалған. Ал осыдан 5 күн бұрын, яғни жол апаты болған күні Динара Хамитованың Instagram парақшасындағы жазбасы көңіліңді елеңдетпей қоймайды. Әдетте жұрт Жаңа жылға жақындаған уақытта өткен жылға есеп беріп жатады, 31 желтоқсанда. Ал Динара ажалын сезді ме екен, белгісіз, 29 желтоқсанда есеп берді. Жоқ, есеп бермеді, "Осымен бітті" деп халқымен қоштасқан сыңайлы. Желідегі жазбасы төменде:

"Жұрт өткен ыжлға қорытынды жасап әлек. 

Мен үшін Жаңа жыл күнтізбедегі күннің ауысуы ғана. Ешқандай қорытынды жасағым келмейді. Себебі, бәрі енді басталды. Бұл – балаларымсыз қарсы алатын алатын алғашқы Жаңа жылым. Сондықтан мұны өз басым мереке деп санамаймын. Сонда да, бәріңізді келе жатқан мерекемен құттықтаймын. 

2018 жыл керемет өтті. Осымен бітті".

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Все подводят итоги за прошедший год. Новый год для меня лично, это смена календаря. Не хочу подводит ничего. Потому что, всё только начинается. Мой первый Новый год, без детей. Поэтому для меня этот праздник не существует. Но в любом случае, поздравляю всех с наступающим праздником ✊? 2018 год, был очень дерзким и круто резким. И всё. #мечтысбываются #сновымгодом

Публикация от DinaraHamitova (@dinarahamitova8)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар