Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілер жақында ата-ана атанады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған дейін айыпталушы Жанар Толыбаеваның аяғы ауыр екенін жазған болатынбыз. Оның жүктілік мерзімі – 7 ай.
♦"Мен ұрлық жасамадым, Денис Тенді өлтірмедім" (фото)
Бүгінгі сот отырысы кезінде Жанар Толыбаева мен Арман Құдайбергенов қылмыстық оқиғаға дейін жақын араласқаны белгілі болды. Баланың әкесі – Арман Құдайбергенов.
Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.
♦"Құдайбергенов Денисті шалбардың белбеуімен ұрған"
Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді.
Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.