«...Әлиханды кім атты?»
«...Ахметті кім атты?»
«...Міржfқіпті кім атты?»
«...Хәлелдерді кім атты?»
«...Мағжандарды кім атты?»
«...Жүсіпбекті кім атты?»
«...Мұхамеджан Тынышбай...»
«...Жаханшаны кім атты?..»
Пенде - өмірдің қонағы,
Көзіме жас толады...
Бұл тізімді ар қарай
Соза берсе болады?..
Ұлт сатқыны - жат мұндар,
Ұлт серкесін аттыңдар?
Боздақтарын «Алаштың»,
Ұстап берген сатқындар.
Өткен күнде - бар салмақ,
Ауыр жаза қарсы алмақ.
Сол сатқындар - 70 жыл,
Өмір кешті алшаңдап.
Тоңбаған да, тоңған да,
Оңбаған да, оңған да,
Тәуелсіз ел болғалы
Ширек ғасыр болғанда,
Ұлт ұланы жасып жүр,
Жемқөр тасып, асып жүр,
Сол сатқындар ұрпағы-
Әлі де алшаң басып жүр.
Жүз жыл езген сол қайғы,
Қазақ қана сорлайды.
Сатқындардың ұрпағы-
Аласталмай болмайды...
Қол салмасын тазаға,
Жауап берсін қазаға!
Ұлт сатқынын, ұрпағын,
Тартпай болмас жазаға!..
Жұмаш Кенебай