Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары

/uploads/thumbnail/20190117160921261_small.jpg

Апта аяғына жақындап қалды. Күнделікті күйбең тірішіліктің қамымен жүріп демалысқа жеткенше жүйкемізге біраз салмақ түсіп, психологиялық тұрғыдан шаршауымыз заңдылық. Соның нәтижесінде ашушаңдық, мазасыздық пайда болып, еңбек өнімділігіне кері әсер етеді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына атақты америкалық психолог Дейл Карнегидің сабырлы болып, сындарлы ойлауға көмектесетін қағидаларын ұсынады.

Отбасылық өмірдің құпиясы мен өзара тіл табысудың теориясын ойлап тапқан психологтың өмірі жайлы деректерді осыған дейін де жазған болатынбыз.

♦Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі

Мазасыздықты жеңудің жолы – жағдайды толық саралау деп түсіндірген Дейл Карнеги бойыңыздағы жағымсыз сезімдерді жойып, өзіңізге деген сенімділікті қалыптастыру үшін төмендегі қағидаларды ұсынады: 

  1. Сізді мазалаған мәселеге байланысты фактілерді жинақтаңыз.
  2. Көңіл күйіңізге кері әсер еткен жағдайлар жайлы ойланып, шешім қабылдаңыз.
  3. Іштей қабылдаған шешіміңізден кейін іске көшіңіз.
  4. Мына сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:
  • Мәселенің негізгі мәні неде?
  • Мәселенің пайда болуына не әсер етті?
  • Қандай шешімдері болуы мүмкін?
  • Сіз үшін ең тиімді шешім қайсысы?
  1. Кез келген жағдайға мазасыздана беретін әдетіңізден арылыңыз.
  2. Әрдайым айналысатын ісіңіз болсын. Бос уақытыңыз артық уайымның пайда болуына әкелуі мүмкін.
  3. Мазасыздануға, уайымдауға тұратын жайттарды ойланыңыз. Кез келген оқиға сіздің жүйкеңізге әсер етпеуі үшін «психологиялық қалқан» қойыңыз.
  4. Өткенді ойламау керек
  5. Сізге сабыр сыйлайтын әдемі естеліктер мен алдағы жоспарларыңыз жайлы ойлаңыз.
  6. Кек сақтаудан аулақ болыңыз.
  7. Қайырымсыздықтан көңіліңіз қалғанша, оған әрдайым дайын жүріңіз.
  8. Өміріңіздің көрсеткіші ретінде жеңілістерді емес, жеңістеріңізді қарастырыңыз.
  9. Ешкімге еліктемеңіз.
  10. Қателіктен сабақ алып үйреніңіз
  11. Айналыңыздағы адамдарға бақыт сыйлауға тырысыңыз. Ол сізді де бақытты етеді.

Ұсынған: Балжан Халық

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар