Челах Жоғарғы Соттан үкімді алып тастап, 30 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етті

/uploads/thumbnail/20190118135407776_small.jpg

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Арқанкерген» оқиғасына қатысты істі қайта қарау туралы өтінішті талқылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  informburo.kz сайтының мәліметтеріне сүйеніп. Челах соттан үкімді алып тастау мен өз құқының тапталғаны үшін 30 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етті. 

Ол соттың бірінші сатысында өзін қорғау ісінде жеке құқы тапталғанын айтып шағымданды. Жоғарғы сот кассациялық сатыда оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына қатысты үкімді қайта қарауға кірісіп кетті.
«БҰҰ Комитеті Қазақстан Республикасы сотталған Челахқа қатысты «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық пактінің 14-бабын бұзған деп шешті, бұл туралы БҰҰ Комитеті ҚР Бас прокуратурасына Қазақстан Владислав Челахқтың құқын тиімді қорғауды ұйымдастыруға міндетті екенін ескерткен», - деді адвокат Гүлмира Шалдықова сот отырысында.
Бас прокуратура хабарламадан кейін Челахқа сотқа жүгінуді ұсынды. Ол Жоғарғы соттан бірінші сатыдағы соттың үкiмiн қайта қарап, қылмыстық iстi қосымша тергеуге жiберуге және қылмыстық iзге түсу органдарының құқықтарды бұза отырып алған іс-құжаттарын жоққа шығаруын сұрады..

«Владислав Челахтың құқықтары бұзылғаны үшін оған 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етемін. Челахтың Жоғарғы сотқа жазған шағымдарының толықтай заңға сай екенін растаймын. Оның шағымын қанағаттандыруларыңызды сұраймын»,- деді адвокат өз сөзінде.

Прокурор Марат Нурмухамедов Челахқа тағылған айып пен шығарылған үкім толықтай заңға сай  екенін айтты.  Сондай-ақ, оған қатысты шығарылған үкім оқиға орнынан алынған дәлелдерге, қазақстандық және неміс сарапшыларының қатысуымен жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысына, Челахтың қасындағы адамға өз аузымен айтқан әңгімесіне байланысты айғақтарға сай орындалды. Ал тергеу ісі кезінде Челахқа ешқандай қысым көрсетілмегенін ескертті.

♦22 қаңтарда Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 18 қаңтарында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах ҚР Жоғарғы Сотына өз ісін қайта қарауға өтініш берген болатын.

Челах 2012 жылдың мамырында Алматы облысы маңындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы сарбазды атып салып, казарманы өртеп, оқиға орнынан қашып кеткені белгілі. Желтоқсан айында Владислав Челахқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 

2017 жылдың 7 қарашасында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Комитеті Владислав Челахтың кінәлі, не кінәсіз екеніне қарамастан, сот барысында оған қысым көрсетілгенін мойындаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар