Әлемде қазақтай өлеңдетіп, ұйқаспен, оймен, мақаммен сөйлесетін ұлт жоқта шығар-ау, бұл өнер қазақтың ерекше талантты ұлт екендігін жер бетіне дәлелдейтін жалғыз қасйеті. Айтысты түсініу мен түсінбеу өз алдына бір ақырет, себі айтыс бетпе-беп, сурып салып бетің жүзің демей арқаланып шабатпен жыр төгеді, шын мәнінде арқалы ақындарды түгелдей түсіну қиынның қиыны, аузымен құс тістеген жүйріктер сөз сайысында, ойын ой қуып айтайын дегенін айтпай, айтпайын дегенін айтып жібереді, сол кезде ішінде қалған сөзді оқу, үнді тыңдау, бұлқынысты жүрекпен сезіну әділ қазының мойныдағы үлкен шаруа болмақ. Әйтсе осы ұлық өнерді соңғы жылдары билік партиясының өзі бас болып ұймдастырып, қаржыландырып отыруы биліктің халықпен тығыз байланыста екенінің дәлелі, бұл «ақша ақаш және ақаш» деген материялдық байлықты емес, рухани байлығымызды тірілте бастағанының жанды көрінісі. 2-3 мамыр күндері «Нұр Отан» партиясы мен Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласы Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында Республикалық «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты аламан айтыс өтіп 24 сөз қуған жүйрік бақ сынады. Бұл айтысты біздер 10-11 мамырда қазақстан ұлттық теле арнасында түскі сағат 12 ден бастап екі күн тмашалап тамсандық...
Тамсанатын жөніміз бар Болатбек пен Аспанбектің айтысы бірінші күнігі айтыстың шыңы болды. Әу, дегенде өлеңдете созбақтап, сөзбермей аспанда көп ұшты Аспанбек ақын, кезегі зорға келген Болатбек қарсыласының басындағы орамалынна байланысты сөз қозғап, баяғының барымташылары киетін, бүгіннің қызтекелері орайтын қазаққа жат тірлік деп бір қайырып, батырлар еліне барымтаға келдің бе деп өзінің қазақи дүние танымда тамырының терең екендігін бірден байқатты, Керкулік қызуқанды Аспанбек текқана «көкермей» өрелі ой айта білді, ол «Қызжібек» киносын алға тартып Шегенің бас кимін көрмедің бе дей келе, «Мыңбала» киносындағы Сартайдың киміне еліктегенін де жасырмады, көк жәшіктің алдында көп телмірген мынау бір қуыс кеуде екен деген Болатбектің ұзстазым деп Құраннан бастап Оразәліге әкеліп тоқтата төкпелеген жыры Аспанбектің төбесінен жәй түскендей жасады, осылай жалғасқан Болатбектің «этно айтысы» қарсыласын жел қопарған теректей терейтті.
Сол күннің тағы бір тамаша айтысын Мейірбек жасады, ол әкеден балаға мирас болып отырған болашақ мұғалім екенін айта отырып, бүгінгі қағазға тұншыққан оқытушының шын кейіп-кеспірін тәтті жырмен қоғам шындығын тамаша жеткізді халыққа, отырғаннан қол соқпағандар болмады сол сәтте. Амал нешік қарсыласы Таразылық ақының қарымы төмен болып, талантты ақын бір қанаты жоқ қырандай көп нәрсені қысқа қайырды. Ғаламат айтыс күткен халыққа Бауыржан татымды жыр айта алмады, әу, дегеннен жаңылып айтыс арстаны Бекарыс сенің азуыңды қағып аламын деп сес көрсетті, ал Бекарыс белден баса тістеген жерден Бауыржанға азыу салып бүріп-бүріп жіберді, деседе жұрт суық қабылдады, онда бір түрлі «сіріңкелік пен сырғымаллық» қатар шапты. Қолымдағы жазып жатқан жұмысымды тастып «бәкісін жоғалтқан шалдай» шеке тамырым тырысып бір сөтке күтіп, ертесі тағы теле жәшікке телмірдік, ақтық сайысқа оза шапқандардан қызықты айтыс жасағандар Шалқарбай мен Еркебұлан болды, Астаналық Еркебұлан жаңылтбаш өлеңді төгіп-төгіп Шалқарбайға бергенлде олда тосылмады, деседе тісқақты ақынның десі басым түсіп отырды. Алайда ауылда жүрген талантты ақын Шалқарбайға қазылар алқасы оң көзбен қарап оң бағасын берді. Қай айтыста болсын шын шабытты шарықтатқан атақты ақын Бекарыс қарсыласын өткір ойымен, тотияын тілімін миының ыңғы- дыңғысын шығарар әдеті бар еді. Бұл жолы Болатбектің төрт аяғын тең басқан «қарттар жайлы» айтқан төпеген жаңбырдай төккен өлеңі жұртты тебірентті, артынша қала мен дала жайлы Бұхарша толғады, сол күнгі айтыстың ақбас шыңдарындай өресі биік болды. Болатбектің болаттай ойлары Бекарыстың жанынан зулады, аға ақын Оразалы тірілді деп алты алашқа жар салып жеңілгенін мойындап тектілігін байқатты.
Батыстағы бұл реткі айтыс басқа айтыстан өзгеше өткенінің бір белгісі талай жылдан бері бағы жанбай жүрген сабаз да кербез тарлан жырлар төгіп жүрген Аманжол Алтаевтың шәкірті Мақсат Ақановтың бірінші орынды алуы айтыс сүйер қауымды бір көтеріп тастады. Сонымен бірге жаңа шыққан жас ақын қыз Тәушеноваға өз жүлдесін беріп екі күн бойы тапжылмай отырған әкім Ізмұқамбет ағамыз асқан ерлік жасап айтыстың жәй сөз емес екендігін байқатты. Соңғы сөзді алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Баубек мырзаның біздің партия сияқты айтыста халық пен билік ортасындағы алтын көпір дейкеле, елбасы руханитқа мән бер деп пәрмен беруде деуі жұртты жұбатты.
Барлығына ондық балмен тоғыздықты беріп отырған әділ қазылар алқасы артынан қатесін түзеп, шынайы бағаларын ақылдаса отырып көкпарды тек соңында ғана қалғандармен бөлісетін қазақтардай әділ төрелік жасады. Нәтижесінде Бас жүлдені Болатбек Оразбаев қанжығаласа, бірінші орынды Мақсат Ақанов иеленді. Екінші орынды Бекарыс Шойбек пен Шалқарбай Ізбасаров өзара бөлісті. Үшінші оарынды Бауыржан Халиолла, Еркебұлан Қайназар, Мейірбек Сұлтанхан қатарлы ақындар қанағат тұтты.
ҚазҰУ Шығыстану факультетінің аға оқытушысы Нұрхалық Абдырақын
Пікір қалдыру