5 наурыз –Иосиф Сталиннің өлген күні. Осыған орай Кремль қақпасы маңындағы Сталин мүсінінің айналасына 400-500-ге жуық адам жиналып, «Сталинге екі қалампыр гүлін қою» акциясына қатысты. Онда Ресейдің барлық белсендісі жиналды. Бірі бас иіп, Сталинге құрмет көрсетсе, енді бірі бетіне гүл лақтырып, лағынет айтты.
Ескерткішке гүл лақтырып, «Тозақта күй, халық жауы, әйелдер мен балаларды өлтірген қанішер» деп бар даусымен айқай салған белсендінің видеосы әлеуметтік желіде таралып үлгерді. Жалғыз ер адамды бірден үш полицей ұстап, алып кетті.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру