8 баланың анасы: Біздің отбасымызда өзіміздікі немесе туған емес деп бөлу жоқ

/uploads/thumbnail/20190307180027580_small.jpg

Мен көпбалалы анамын, есімім - Гаухар Танашева, жеке кәсіпкер және «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының басшысымын. Біз жұбайымызбен 8 бала тәрбиелеп отырмыз, оның ішінде 5-уін асырап алғанбыз, біреуі бала жасынан мүгедек. Біздің отбасымызда өзіміздікі немесе туған емес деп бөлу жоқ, балаларымыздың барлығы бірге туғандай сыйласады.

Соңғы 10 жыл ішінде жұбайымыз екеуіміз балалар үйінде тұратын жетім балаларға көмектесіп келеміз. Бірінші асырап алған ұлым пайда болуымен біздің көзқарасымыз да өзгерді. Егер бұған дейін көмекке мұқтаж балалар бар екенін білген болсақ, енді біз жай қарап өтпей, әрекет жасап, балалардың өміріне белсенді түрде қатыса бастадық. Бала үшін ең жақсы және оңтайлы нұсқа – отбасы екенін түсіне отырып, біз бала асырап алу туралы шешімге келдік.

Біз үшін баланың қанша жаста екені, оның гені қандай,яғни оның ата-анасы кім екені маңызды емес. Менің жұбайым әрдайым былай дейді: «Егер біз бір балаға дұрыс жолға тұруға көмектессек, оны бағыттап және оны адамгершілігі мол азамат етіп өсірсек, біз бекер өмір сүрмедік деп санауға болады».

Шынымды айтсам, бойжеткен кезімде, мен көп балалы ана болуды жоспарламадым, бірақ өмір басқаша жол құрды. Мен өкінбеймін. Көп балалы болу қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі болып қала береді. Менің ойымша, ата-аналар бірінші кезекте балаларының болашағы үшін жауапкершілікті ойлауы тиіс. Өз Отанын сүйетін, өз халқын және дәстүрлерін сыйлайтын лайықты адамдарды тәрбиелеуге тырысу керек. Дәлел ретінде көптеген табысты адамдардың көп балалы отбасынан шыққанын айтқым келеді. Үлкен отбасында балалар тату, ұйымшыл, көпшіл болып өседі, ерте еңбек бағасын түсінеді.Жалпы қоғамдық қор арқылы көп балалы аналардың көптеген сұрақтарды 4 жыл бойы айналысып жатырмыз.

Қала Әкімінің көп балалы аналармен кездесуінде бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.Оларды шешу үшін құрылған«Бақытты отбасы - Алматы» қорының қамқорлық кеңесінің құрамына мен және менімен бірге бірқатар белсенді көпбалалы аналар енді.
Барлығымыз, әрқайсымыздың өмірімізде моральдық және материалдық көмек қажет ететін сәттер болатынын жақсы білеміз. Ал көпбалалы отбасының өмірінде мұндай сәттер одан да көп.

Қазіргі уақытта Елбасы партияның Съезінде берген тапсырмасы аясында Республика және Алматы қаласы бойынша аз қамтылғанкөпбалалы отбасыларға кешенді қолдау бойынша көптеген шаралар жүргізілуде. Ол жөнінде бүгінгі жиналыста кенінен айтылды. Бірақ ата-аналар балалардың болашағы үшін негізгі жауапкершілік олардың иығына жататынын түсінуі тиіс.

Маған келесідей сұрақтарды жиі қояды: осындай көп балалар санымен қалай бизнес пен қоғамдық жұмысты қоса атқаруға үлгересіз деп. Менің жауабым қарапайым: «Бастысы еңбек және махаббат. Өз балаларыңа деген махаббат. Айналысатын іске деген махаббат. Таңдаған мамандыққа деген махаббат. Сосын еңбектену, еңбектену және тағы да еңбектену».

Бәріміз көріп отырмыз – мемлекет қоғамымыздағы әрбір балақайға шексіз қамқорлық көрсетіп, бүкіл мүмкіндіктерді жасап отыр.
Бала өмірге келерде ата-анасын таңдамайды, оны ата-анасы өз санасымен дүниеге әкеледі. Сондықтан, әрбір ата-ана, ең алдымен,өз баласының тағдыры мен болашағы үшін өзі ғана жауапты екенін есте ұстағандары жөн деп ойлаймын.

Осы айтылғанның барлығын түйіндейтін болсам, келесі 3 мәселеге тоқталып өткім келіп отыр.

Біріншіден. Жаман айтпай жақсы жоқ дейді. Болған жағдайға барлығымыздың қабырғамыз қайысады. Құдайға шүкір, мемлекетіміз құр алақан, аш-жалаңаш емес. Елбасы кешегі Партия съезінде айтты. Аналарды, көпбалалы отбасыларды қолдауға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Осыны дұрыстап игеру қажет.

Екіншіден. Кез-келген азамат ең алдымен өзі үшін өмір сүреді. Менің 8 балам бар. Оны ешкімге де міндет етіп отырған жоқпын. Менің ойымша, мемлекет тек жағдайы жоқ, барар жер, басар тауы қалмаған азаматтарға, ешкім далада қараусыз қалмасын деп шын мәніндегі мұқтаждарға көмектесуі керек. Аспандағы айды алып бере ғой деген масылдық болмау керек.

Үшіншіден. Біз берекелі елде өмір сүріп жатырмыз. Әрине барлығы бірдей емес. Біреуі былай тартса, тағы біреу өз жағына тартады. Елде бірлік, бейбітшілік болуы керек. Бір-бірімізді тыңдай білуіміз керек. Бізге ешкім сырттан келіп шешіп бермейді. Сондықтан, ұрыс-таласқа, айқай-шуға жол бермей, мәселенің байыбына барып, ақылдаса отырып шешуіміз керек.

Ана заты табиғатында қашанда мейірім шашып тұратын, бейбітшіл жаратылыс. Менің ана ретінде айтатыным осы 3 мәселе.

Ал бүгін бізді елеп, Партия отырысына шақырып, әңгімемізді тыңдап отырғандарымызға рахмет. Мен де осы бағыттағы жұмысқа өз үлесімді қосуға дайынмын.

Гаухар Танашева

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар