8 жасар қазақ Ресейде чемпион атанды (фото)

/uploads/thumbnail/20190311132845511_small.jpg

8 жасар ақтаулық шахматшы Ресейде чемпион атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Сайысқа Ресейдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам бала қатысқан. 

назар Талғатов

Ақтаулық Назар Талғатов 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы сайыста бақ сынаған. Аталмыш сайысқа Қазақстанның атынан Назар Талғатов пен Алан Тасмұханов қатысты. 2-сыныпта оқитын Назар 34 шахматшыдан басым түсіп, "Жеңіс" кубогін иеленді. Шахмат мектебінің жетекшісі Әнуар Шайхымовтың айтуынша, Назар өзінен үлкен шахматшыларға қарағанда әлдеқайда кәсіби түрде ойнайды екен.

Аударған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар