Австрия астанасында гейлерге арналған бағдаршамдар орнатыла бастады. Бұл жаңашылдық мамыр айында Венада өтетін «Евровидение-2015» халықаралық ән байқауы қарсаңында қолға алынып отыр.
Қалалық үкімет өкілдері осы науқан арқылы Вена «соқыр нанымнан азат қала» екенін көрсетуді көздейтіндерін мәлім етті.
Сондай-ақ, шенеуніктердің пікірінше, аталмыш шара жол үстіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, «креативті» бағдаршам жүргізушінің назарына бірден ілігеді деген сенімде олар.
Идеяның оң нәтижесі мен оның жол үстіндегі жағдайға әсерін жоба толық жүзеге асырылып біткен соң көре жатармыз, деп қосты қала басшылығы.